Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 2007 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағармай материалдары мен басқа да тауар-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға және өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға субсидия төлеу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 ақпандағы N 87 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының»" Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы " 2005 жылғы 8 шілдедегі және " 2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы " 2006 жылғы 8 желтоқсандағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1.   Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы тауарын    өндірушілерге 2007 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағармай материалдары мен басқа да тауар-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға және өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға субсидия төлеу ережесі бекітілсін.

      2. "Өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығы мен сапасын арттыруды қолдауға арналған қаражатты төлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы N 157  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 8, 73-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің          
2007 жылғы 7 ақпандағы   
N 87 қаулысымен      
бекітілген       

  Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 2007 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағармай материалдары мен басқа да тауар-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға және өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға субсидия төлеу ережесі

1. Жалпы ережелер

         1. Осы Ереже 2007 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі - Ауылшармині) 009 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ауыл шаруашылығын дамытуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер"»бағдарламасының 104 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағармай материалдары және басқа да тауар-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға және өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" кіші бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін дизель отынын, тыңайтқыштарды (органикалықтарды қоспағанда), тұқым улағыштарды және гербицидтерді сатып алуға және өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға субсидия төлеу тәртібін белгілейді.

      2. Субсидия отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге (бұдан әрі - ауылшартауарын өндірушілер) көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті дизель отынын, тыңайтқыштарды (органикалықтарды қоспағанда), тұқым улағыштарды және гербицидтерді сатып алуға және өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға байланысты шығындарды ішінара өтеуге арналған.

      3. Ауылшартауарын өндірушілерге субсидия төлеу осы Ережеге 1-қосымшада айқындалған әр облыс үшін ауыл шаруашылығының басым дақылдарына Ауылшармині бекіткен 1 гектарға арналған субсидия мөлшеріне сәйкес жылына бір рет жүзеге асырылады. Бұл ретте ауыл шаруашылығының басым   дақылдарының түрлеріне 1 гектарға арналған субсидия мөлшері барлық облыстар   және Астана қаласы үшін бірыңғай болып табылады.

      4. Облыстар және Астана қаласы бойынша субсидия көлемі субсидия мөлшеріне және ауыл шаруашылығының басым дақылдарының егіс көлеміне сәйкес   Ауылшармині ұсынған сома негізінде заңнамада белгіленген тәртіппен бекітіледі.

  2. Субсидия төлеу тәртібі

      5. Ауылшармині   бюджеттік бағдарлама әкімшісі ретінде облыстар және Астана қаласы бойынша субсидиялаудың заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген көлеміне сәйкес 2007 жылға арналған қаржыландыру жоспарларына орай облыстық бюджеттерге және Астана қаласының бюджетіне ағымдағы нысаналы трансферттерді аударады.

      6. Облыстық бюджеттерді және Астана қаласының бюджетін мәслихаттар бекіткеннен кейін екі апта мерзімде облыс әкімдері мен Астана қаласының әкімі Ауылшармині бекіткен 1 гектарға арналған субсидия мөлшеріне сәйкес облыстар және Астана қаласы бойынша бекітілген көлем шегінде аудандар бойынша субсидия көлемін бекітеді.

      7. Ауылшартауарын өндірушілердің субсидия алуға арналған тізімін айқындау үшін әрбір ауданда аудан әкімінің шешімімен, ал Астана қаласы бойынша қала әкімінің шешімімен аудан әкімдігінің, ауданның ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімдерінің, аудандық салық комитетінің, статистика басқармасының, Ауылшарминінің аумақтық инспекциясының және аграрлық бейіндегі қоғамдық ұйымдардың қызметкерлерінен құралатын ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - ВАК) құрылады. Бұл ретте аудандар мен Астана қаласының әкімдері ВАК-тың жұмысын»"бір терезе" қағидаты бойынша қамтамасыз етеді.

      8. Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі, ал Астана қаласында - қала әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі ВАК-тың жұмыс органы болып табылады.

         9. ВАК-тың жұмыс органы ауылшартауарын өндірушілерден құжаттар қабылдаудың мерзімін және басқа да қажетті мәліметтерді көрсете отырып, ВАК-тың жұмыс істеу тәртібін жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етеді.
      Ауылшартауарын өндірушілер жұмыс органы белгілеген мерзімде ВАК-қа осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидия алуға өтінімді және мынадай құжаттарды ұсынады:
      заңды тұлғаны тіркеу туралы құжаттың көшірмесі (жеке тұлғалар үшін әкімнің шаруа қожалығын құруға арналған шешімінің көшірмесі);
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер учаскесіне құқығын белгілейтін құжаттың көшірмесі;
      Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің көшірмесі;
      статистикалық картаның көшірмесі;
      банктік деректемелер.

      10. ВАК-тың жұмыс органы ұсынылған құжаттарды жинауды жүзеге асырады және оларды ВАК-тың қарауына ұсынады. Құжаттарды қарап болған соң ВАК ауыл шаруашылығының басым дақылдары бойынша егіс алаңдарын көрсете отырып, ауылшартауарын өндірушілердің субсидия алуға арналған алдын ала тізімін қалыптастырады. Ауылшартауарын өндірушіге толық көлемде қабылданған құжаттар туралы анықтама беріледі.

      11. Субсидия алу үшін ауылшартауарын өндірушілер көктемгі егіс жұмыстары аяқталғаннан кейін, алдыңғы жылдың күздік дақылдары жөнінде - нақты өскін бойынша, көпжылдық екпелер жөнінде - олардың нақты алаңдары бойынша бес жұмыс күні ішінде ВАК-қа ауыл шаруашылығының басым дақылдарының өскіндерін (екпелерін) қабылдауға өтініш ұсынады.

      12. Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізудің оңтайлы мерзімін субсидияланатын ауыл шаруашылығының басым дақылдарының түрлері бойынша Ауылшарминінің ғылыми өндірістік орталықтарының ұсынымдары негізінде ауданның (Астана қаласының) жергілікті атқарушы органы айқындайды. Оңтайлы мерзімдерді бұзып егілген басым дақылдар субсидиялауға жатпайды.

      13. ВАК ауылшартауарын өндірушілерден өтініш түскеннен кейін екі апта мерзімде егістікті қабылдауды жүргізеді және алдыңғы жылғы күздік дақылдар мен көпжылдық екпелер егісін қоса алғанда осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша егістікті қабылдау актісін жасайды (бұдан әрі - қабылдау актісі). Қабылдау актісі екі данада жасалады, оның біреуі ауылшартауарын өндірушіде қалады.

      14. ВАК ауылшартауарын өндірушілер жұмыс органы ұсынған құжаттардың және қабылдау актісінің негізінде егістікті соңғы қабылдау жүргізілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауылшартауарын өндірушілердің субсидия алуға арналған түпкілікті тізімін (бұдан әрі - тізім) жасайды және оны аудан әкіміне, ал Астана қаласы бойынша қала әкіміне бекітуге жібереді. Осы тізімге енгізуден бас тартылған жағдайда жұмыс органы ауылшартауарын өндірушіге бас тарту себебі көрсетілген тиісті анықтама береді.

      15. Аудан және Астана қаласы әкімі екі жұмыс күні ішінде тізімді бекітеді.

      16. Аудан әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы бөлімдері үш жұмыс күні ішінде аудан әкімдері бекіткен тізімді, қабылдау актілерінің көшірмелерін, сондай-ақ осы Ереженің 9-тармағына сәйкес құжаттарды облыстың бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне (облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы департаментіне/басқармасына) ұсынады.

      17. Облыстардың және Астана қаласының бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері он жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды тексереді және олардың негізінде субсидия төлеуді жүргізеді.
      Облыстардың және Астана қаласының бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері төлем жүргізген кезде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық органына төлем шотын және бекітілген тізімдерді ұсынады. Ұсынылған құжаттардың дұрыстығы үшін облыстың және Астана қаласының бюджеттік бағдарлама әкімшісі жауапты болады.

      18. Облыстардың және Астана қаласының әкімдері ағымдағы жылғы 20 шілдеге дейінгі мерзімде субсидияның көлемі мен сомасын, сондай-ақ бекітілген субсидиялау көлемі орындалмаған жағдайда - оның себептерін көрсете отырып, Ауылшарминіне облыстар және Астана қаласы бойынша ауылшартауарын өндірушілерге төленген субсидияның көлемі туралы алдын ала мәлімет береді. Ағымдағы жылдың 20 тамызына дейінгі мерзімде ауылшартауарын өндірушілерге төленген субсидияның көлемі туралы түпкілікті мәлімет береді.

      19. Қандай да бір аудан бөлінген қаражатты толық игермеген жағдайда облыстардың әкімдері оларды осы Ережеге сәйкес облыс бойынша субсидиялаудың бекітілген көлемі шегінде қайта бөлуі мүмкін.

      20. Қандай да бір облыс немесе Астана қаласы бөлінген қаражатты толық игермеген жағдайда Ауылшармині заңнамада белгіленген тәртіппен 2007 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде субсидияларды облыстар бойынша қайта бөлу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізеді.

      21. Облыстардың және Астана қаласының әкімдері субсидия төленгеннен кейін бес күн мерзімде Ауылшарминіне қайта бөлінген сомалар есебінен облыстар және Астана қаласы бойынша ауылшартауарын өндірушілерге төленген субсидия көлемі туралы мәлімет береді.

      22. Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін және өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыру үшін ауылшартауарын өндірушілерді субсидиялауға бөлінген бюджет қаражатының тиімді, нәтижелі және мақсатты пайдаланылуы үшін Ауылшармині, облыстардың, аудандардың және Астана қаласының әкімдері жауапты болады.

                  Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 2007 жылғы
                   көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу
                    үшін қажетті жанар-жағармай материалдары мен
                   басқа да тауар-материалдық құндылықтардың құнын
                    арзандатуға және өсімдік шаруашылығы өнімінің
                    шығымдылығы мен сапасын арттыруға субсидия төлеу
                                 ережесіне 1-қосымша

       Республикалық бюджеттен субсидияланатын ауыл
        шаруашылығының басым дақылдарының тізбесі  

Р/с
N

Облыстардың атауы

Ауыл шаруашылығының басым   дақылдарының атауы

1

2

3

1.

Ақмола

Жаздық бидай
күздік қарабидай
арпа
сұлы
қарақұмық
дәнді бұршақты дақылдар
рапс
күнбағыс
жемшөптік дақылдар

2.

Ақтөбе

Күздік бидай
жаздық бидай
күздік қарабидай
арпа
сұлы
тары
мақсары
күнбағыс
жемшөптік дақылдар

3.

Алматы

Күздік бидай
арпа
дәндік жүгері
күріш
қытайбұршақ
мақсары
күнбағыс
қант қызылшасы
көкөністер
жеміс-жидектер
жүзім
жемшөптік дақылдар

4.

Атырау

Жаздық бидай
арпа
тары
мақсары
көкөністер

5.

Шығыс Қазақстан

Күздік бидай
жаздық бидай
күздік қарабидай
арпа
сұлы
қарақұмық
тары
дәнді бұршақты дақылдар
күнбағыс 
қытайбұршақ
жемшөптік дақылдар

6.

Жамбыл

Күздік бидай
арпа
дәндік жүгері
қытайбұршақ
мақсары
қант қызылшасы
көкөністер
жеміс-жидектер
жемшөптік дақылдар

7.

Батыс Қазақстан

Күздік бидай
жаздық бидай
күздік қарабидай 
арпа 
сұлы
тары
күнбағыс
мақсары
көкөністер
жемшөптік дақылдар

8.

Қарағанды

Жаздық бидай 
арпа
сұлы
дәнді бұршақты дақылдар
күнбағыс
жемшөптік дақылдар

9.

Қызылорда

Дәндік жүгері
күріш
тары
қытайбұршақ
мақсары
жемшөптік дақылдар

10.

Қостанай

Жаздық бидай 
күздік қарабидай
арпа
сұлы
қарақұмық
Тары
дәнді бұршақты дақылдар
рапс 
күнбағыс
жемшөптік дақылдар

11.

Маңғыстау

Көкөністер

12.

Павлодар

Жаздық бидай
күздік қарабидай
арпа 
сұлы
қарақұмық
тары 
рапс
күнбағыс
жемшөптік дақылдар

13.

Солтүстік Қазақстан

Жаздық бидай
күздік қарабидай
арпа
сұлы
қарақұмық
дәнді бұршақты дақылдар
рапс
күнбағыс
жемшөптік дақылдар

14.

Оңтүстік Қазақстан

Күздік бидай
дәндік жүгері
күріш
қытайбұршақ
мақсары 
күнбағыс
мақта
көкөністер 
жеміс-жидектер
жүзім 
жемшөптік дақылдар

15.

Астана қаласы

Жаздық бидай
көкөністер
жемшөптік жүгері

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге    
2007 жылғы көктемгі егіс және егін жинау   
жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағармай
материалдары мен басқа да тауар-материалдық 
құндылықтардың құнын арзандатуға және өсімдік
шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен     
сапасын арттыруға субсидия төлеу ережесіне  
2-қосымша                 

      ___________________ауданының
ведомствоаралық комиссиясына

Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін сатып алынған дизель отынына, тыңайтқыштарға (органикалықтарды қоспағанда), тұқым улағыштар мен гербицидтерге және өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға субсидия алуға өтінім

1.__________________________________________________негізінде әрекет
                    (құрылтайшы құжаты)
ететін______________________________________________________________
                (ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші)
атынан бірінші басшы_______________________________________________
                             (Т. А. Ә., лауазымы)
      осымен көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін сатып алынатын дизель отының, тыңайтқыштардың (органикалықтарды қоспағанда), тұқым улағыштар мен гербицидтердің құнын ішінара өтеуге және өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға субсидия бөлуді сұрайды.
      Сатып алынған дизель отыны, тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда), тұқым улағыштар және гербицидтер көрсетілген алаңдарда мынадай ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлерін өсіру үшін пайдаланылды:
______________ ____га                _________________ ________га
______________ ____га                _________________ ________га
______________ ____га                _________________ ________га

Ауылшартауарын
өндірушінің заңды мекен-жайы:____________________________________
                                        (Т.А.Ә., қолы, мөр)

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге    
2007 жылғы көктемгі егіс және егін жинау   
жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағармай
материалдары мен басқа да тауар-материалдық 
құндылықтардың құнын арзандатуға және    
өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен 
сапасын арттыруға субсидия төлеу ережесіне 
3-қосымша             

"Бекітемін"
Аудан әкімі
_____________________
(Т.А.Ә., қолы, мөр)
200_ж."__"____________

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің егістігін және екпелерін қабылдау
АКТІСІ
200_жылғы "__"___________N____ №   

Біз, төменде қол қоюшылар,
ВАК төрағасы_______________________________________________________
                         (лауазымы, Т.А.Ә.)
ВАК мүшелері_______________________________________________________
                         (лауазымы, Т.А.Ә)
            _______________________________________________________
                         (лауазымы, Т.А.Ә.)
            _______________________________________________________
                         (лауазымы, Т.А.Ә.)
бір тараптан және басшысы _________________________________________
                             (ауылшартауарын өндірушінің атауы)
____________________екінші тараптан 200 __ жылы мынадай алаңдарда
мынадай басым дақылдардың өскіні (екпесі) алынғандығы туралы осы актіні жасадық:
_______________ _____га                   _______________ _____га
_______________ _____га                   _______________ _____га
ВАК төрағасы_______________________________________________________
                                                 (лауазымы, Т.А.Ә.)
ВАК мүшелері_______________________________________________________
                                                 (лауазымы, Т.А.Ә.)
            _______________________________________________________
                                                 (лауазымы, Т.А.Ә.)
            _______________________________________________________
                                                 (лауазымы, Т.А.Ә.)
Ауылшартауарын өндіруші:___________________________________________
                                                 (Т.А.Ә., қолы, мөр)

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге   
2007 жылғы көктемгі егіс және егін жинау  
жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағармай
материалдары мен басқа да тауар-материалдық 
құндылықтардың құнын арзандатуға және   
өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен
сапасын арттыруға субсидия төлеу ережесіне 
4-қосымша             

"Бекітемін"
Аудан әкімі
___________________
(Т.А.Ә., қолы, мөр)
200__ж. "__"__________

      Субсидия алуға ауылшартауарын өндірушілердің тізімі  

Р/с
N

Шаруашылықтардың атауы

Ауыл шаруашылығының басым дақылдарының атауы

ВАК актісімен қабылданған егістік алаң, га

Бір гектарға* арналған субсидияның мөлшері, теңге

Төленуге тиіс субсидияның көлемі, теңге (бағ.4 х бағ.5)

1

2

3

4

5

6

  

  

  

  

  

  

      Ескертпе: * - 1 гектарға арналған субсидия мөлшерін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бекітеді.
ВАК төрағасы______________              Аудан әкімдігінің ауыл 
            (қолы, Т.А.Ә.)                шаруашылығы бөлімі
ВАК мүшелері______________             ________________________
            (қолы, Т.А.Ә.)                 (қолы, Т.А.Ә.) 
            ______________
            (қолы, Т.А.Ә.)                      М.О.
            ______________
            (қолы, Т.А.Ә.)