Өндiрiлетiн ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығы мен сапасын арттыруды қолдауға арналған қаражатты төлеу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы N 157 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.02.07. N 87 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылғысы туралы"  Заңының  3,   8,   11 баптарына  сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі мен мәслихатының бірлескен қолдаухаты негізінде және облыстың әкімшілік-аумақтық құрылғысын жетілдіру мақсатында облыс әкімдігі мен облыстық мәслихат  ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Зеренді ауданы бойынша облыстың әкімшілік-аумақтық құрылғысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      тұрғындардың көшіп кетулеріне байланысты келесі елді мекендер қысқартылсын және есептік көрсеткіштерден шығарылып тасталсын:
      Викторовка селолық округінің Подзаводск және Туражол селолары;
      Симферопольское селолық округінің Озерное селосы;
      Троицкое селолық округінің Новоефремовка селосы.

      2. Осы шешім Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.     

       Облыстық мәслихат                   Облыс әкімі
      сессиясының төрағасы