Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 20 желтоқсандағы N 1946
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 57, 553-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы ережеде:
2-тармақта:
бiрiншi абзацтағы ", сондай-ақ ғылым және техника салаларындағы басшылықты және үйлестiрудi қамтамасыз ететiн құрылымдық бөлiмшенiң, ЖҒТК-нiң жұмыс органының басшысы лауазымындағы жауапты хатшысы" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Комиссияның хатшысы комиссия отырысының күн тәртiбi жөнiнде ұсыныстар, қажеттi құжаттар, материалдар дайындайды және ол өткiзiлгеннен кейiн хаттамалар ресiмдейдi.";
10-тармақта:
бiрiншi абзацтағы "кемiнде екi айда бiр рет өткiзедi" деген сөздер "қажеттiлiгiне қарай, бiрақ кемiнде жарты жылда бiр рет өткiзiледi" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi абзацтағы "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Ғылым комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Мәсiмов - Қазақстан Республикасының
Кәрiм Қажымқанұлы Премьер-Министрi, төраға
Түймебаев - Қазақстан Республикасының Бiлiм және
Жансейiт Қансейiтұлы ғылым министрi, төрағаның орынбасары
Оразбақов - Қазақстан Республикасының Индустрия
Ғалым Iзбасарұлы және сауда министрi, төрағаның
орынбасары
Дерновой - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Анатолий Григорьевич сақтау министрi
Рамазанов - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым
Тiлекқабыл Сәбитұлы министрлiгi Ғылым комитетiнiң төрағасы
Бектұрғанов - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым
Нұралы Сұлтанұлы министрлiгiнiң Ғылым комитетi "Жер
туралы ғылымдар, металлургия және кен
байыту орталығы" республикалық
мемлекеттiк кәсiпорнының бас директоры
Жұмағұлов - "Қазақстан Республикасының Ұлттық
Бақытжан Тұрсынұлы инженерлiк академиясы" қоғамдық
бiрлестiгiнiң президентi
Мыңбаев - "Самұрық" мемлекеттiк активтердi
Сауат Мұхаметбайұлы басқару жөнiндегi қазақстандық
холдингi" акционерлiк қоғамының
басқарма төрағасы
Келiмбетов - "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлiк
Қайрат Нематұлы қоғамының басқарма төрағасы
Нүсiпова - "Ғылым қоры" акционерлiк қоғамының
Әсел Бекқызы басқарма төрайымы
Перуашев - "Атамекен" Қазақстан кәсiпкерлерi мен
Азат Тұрлыбекұлы жұмыс берушiлерiнiң жалпыұлттық одағы"
заңды тұлғалар бiрлестiгiнiң басқарма
төрағасы;
"Школьник - Қазақстан Республикасының Индустрия
Владимир Сергеевич және сауда министрi, төрағаның
орынбасары
Қуанғанов - Қазақстан Республикасы
Фархад Шаймұратов Премьер-Министрiнiң Кеңсесi
Әлеуметтiк-мәдени даму бөлiмiнiң
меңгерушiсi
Могильный - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым
Валерий Валентинович министрлiгi Ғылым департаментiнiң
директоры, хатшы
Жұмағалиев - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру
Асқар Қуанышұлы және байланыс агенттiгiнiң төрағасы"
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Школьник - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Владимир Сергеевич Әкiмшiлiгі Басшысының орынбасары
Қуанғанов - Қазақстан Республикасы
Фархад Шаймұратұлы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi
Басшысының орынбасары
Могильный - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым
Валерий Валентинович министрлiгі Ғылым комитетi төрағасының
орынбасары, хатшы
Жұмағалиев - "Қазақтелеком" акционерлiк қоғамының
Асқар Қуанышұлы президентi";
көрсетiлген құрамнан Даниал Кенжетайұлы Ахметов, Бiрғаным Сарықызы Әйтiмова, Ерболат Асқарбекұлы Досаев, Қайрат Сәлiмұлы Кәрiбжанов, Аманкелдi Құрбанұлы Саданов, Асқар Қанапияұлы Арынғазин шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі