2001 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Газ саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi iске асыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. "Қазақстан Республикасының халықаралық келiсiмдерiне сәйкес жүзеге асырылатын қызметтiң негiзгi мәнi бойынша оларды ұйымдардың сатып алуы мемлекеттiк сатып алудың мәнi болып табылмайтын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 9 қыркүйектегi N 948
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 34, 454-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының халықаралық келiсiмдерiне сәйкес жүзеге асырылатын қызметтiң негiзгi мәнi бойынша оларды ұйымдардың сатып алуы мемлекеттiк сатып алудың мәнi болып табылмайтын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң тiзбесi мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Қызметiнiң негiзгi мәнi 2001 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Газ саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм (бұдан әрi - Келiсiм) шеңберiнде табиғи газды сатып алу оның маркетингi, тасымалдау және қайта өңдеу болып табылатын "ҚазРесейГаз" бiрлескен кәсiпорны - жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Келiсiмге сәйкес сатып алатын тауарлар, жұмыстар және қызметтер:
1) Қарашығанақ кен орнының табиғи газы;
2) Қазақстан Республикасында тұтынуға арналған газдың көлемiн қоса алғанда, Ресей Федерациясының газ өңдеу зауыттарында Қарашығанақ кен орнының табиғи газын тасымалдау және өңдеу жөнiндегi жұмыстар мен қызметтер;
3) Қазақстан Республикасының iшкi нарығын айырбастау операцияларының шеңберiнде басым қамтамасыз ету мақсатында басқа көздерден алынатын табиғи газ және оны тасымалдау жөнiндегi қызметтер.
Келiсiмнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 9 қыркүйектегi N 948 қаулысының 2-тармағының орындалуын бақылауға жауапты мемлекеттiк орган:
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi.".
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы