Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 сәуірдегі N 475 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 1281 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1313 Қаулысымен.

Күшін жойған

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1313 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қаржы лизингі шарттары бойынша қаржы лизингіне беру мақсатында лизинг беруші әкелген, импорты қосылған құн салығынан босатылатын мүлік тізбесін және оны қалыптастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 сәуірдегі N 475 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 19, 245-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы лизингі шарттары бойынша қаржы лизингіне беру мақсатында лизинг беруші әкелген, импорты қосылған құн салығынан босатылатын мүлік тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 42-1, 42-2, 42-3, 42-4, 42-5, 42-6-жолдармен толықтырылсын:

"42-1.   Электр энергиясының сыртқы көзінен  8603 10 000 0-ден
         қоректенетін, 8604 тауар позициясына
         енгізілгендерден басқа,
         жолаушы, тауар немесе багаждық моторлы темір
         жол вагондары, ашық платформалар

42-2.    Өздігінен жүретін немесе өздігінен жүрмейтін, 8604 00 000 0
         темір жол немесе трамвай жолдарын жөндеуге
         немесе оларға техникалық қызмет көрсетуге
         арналған техникалық құралдар (мысалы,
         шеберхана вагондары, крандар, шпалұрғыш
         машиналар, жол түзеткіш машиналар, бақылау-
         өлшеу вагондары және жолдарды тексеруге
         арналған көлік құралдары)

42-3.    Барлық түрдегі цистерна-вагондар          8606 10 000 0

42-4.   8606 10 субпозициясына енгізілгендерден    8606 20 000 0
        басқа, термооқшаулаушы, рефрижиратор
        вагондар

42-5.   Жүк таситын өздігінен жүрмейтін жабық      8606 91-ден
        және жабылатын темір жол вагондары

42-6.   Биіктігі 60 см астам алынбайтын борттары   8606 92 000 0-ден
        бар жүк таситын өздігінен жүрмейтін ашық
        темір жол вагондары                                       ".

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы