Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 наурыздағы N 269 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1313 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 754 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 10.08.2015 № 636 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 13-бабының 20) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Электрондық коммерция орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор болып анықталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов