"Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 23-1-бабы 1-тармағының 13) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Лицензиялауға жататын қызмет түрлеріне лицензиялар беруге өкілеттік берілген мемлекеттік органдардың (лицензиярлардың) тізбесінде:
реттік нөмірі 27-1-жолдың 3-бағаны мынадай мазмұндағы жаңа абзацтармен толықтырылсын:
"дене шынықтыру-сауықтыру және спорт қызметін жүзеге асыратын дене шынықтыру-сауықтыру, спорт клубтарының, орталықтардың, секциялардың және басқа да ұйымдардың қызметі;
бірінші, екінші және үшінші санаттағы спорт құрылыстарында дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерін көрсету жөніндегі заңды және жеке тұлғалардың қызметі;
жергілікті қоғамдық бірлестіктердің, одақтардың, қауымдастықтардың (облыстық федерациялардың) дене шынықтыру және спорт саласында қызметтер көрсетуге байланысты қызметі";
реттік нөмірі 36-жолдың 3-бағанында "дене шынықтыру және спорт жөніндегі" деген сөздер ", дене шынықтыру және спорт саласында қызметтер көрсетуге байланысты" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) "Білім беру ұйымдарындағы қызметті қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 шілдедегі N 786 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 31, 420-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Білім беру ұйымдарындағы қызметті қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау ережесінде:
2-тармақ 1) тармақшасының екінші абзацындағы "дене шынықтыру және спорт жөніндегі қызметті жүзеге асыратын" деген сөздер алынып тасталсын, "қызметіне" деген сөздің алдынан "дене шынықтыру және спорт саласында қызметтер көрсетуге байланысты" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ 2) тармақшасының төртінші абзацындағы "дене шынықтыру және спорт жөніндегі қызметті жүзеге асыратын" деген сөздер алынып тасталсын, "қызметіне" деген сөздің алдынан "дене шынықтыру және спорт саласында қызметтер көрсетуге байланысты" деген сөздермен толықтырылсын.