Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 753 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
"Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 23-1-бабы 1-тармағының 13) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Лицензиялауға жататын қызмет түрлеріне лицензиялар беруге өкілеттік берілген мемлекеттік органдардың (лицензиярлардың) тізбесінде:
реттік нөмірі 27-1-жолдың 3-бағаны мынадай мазмұндағы жаңа абзацтармен толықтырылсын:
"дене шынықтыру-сауықтыру және спорт қызметін жүзеге асыратын дене шынықтыру-сауықтыру, спорт клубтарының, орталықтардың, секциялардың және басқа да ұйымдардың қызметі;
бірінші, екінші және үшінші санаттағы спорт құрылыстарында дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерін көрсету жөніндегі заңды және жеке тұлғалардың қызметі;
жергілікті қоғамдық бірлестіктердің, одақтардың, қауымдастықтардың (облыстық федерациялардың) дене шынықтыру және спорт саласында қызметтер көрсетуге байланысты қызметі";
реттік нөмірі 36-жолдың 3-бағанында "дене шынықтыру және спорт жөніндегі" деген сөздер ", дене шынықтыру және спорт саласында қызметтер көрсетуге байланысты" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) (Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.11.09. N 1063 (ресми жарияланған күнінен бастап жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі