Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 қарашадағы N 1274 және 2006 жылғы 9 ақпандағы N 94 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2006 жылғы 21 желтоқсандағы N 1235 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 қарашадағы N 1274  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 43, 434-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
      реттік нөмірі 9-жол алынып тасталсын;

      2) "Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобалау жұмыстарының 2006 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 ақпандағы N 94  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2006 ж., N 5, 42-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобалау жұмыстарының 2006 жылға арналған жоспарында:
      реттік нөмірі 46-жол алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі