Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдаланудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 қарашадағы N 1133 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдалану ережесі бекітілсін.

      2. Агенттің 2006 жылға арналған қызметіне ақы төлеу 60000000 (алпыс миллион) теңге мөлшерінде бекітілсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен агент арасында жасалған шартқа сәйкес оны жасасқаннан кейін 15 күнтізбелік күн ішінде агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды мемлекеттік қолдау үшін»"2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген қаражат есебінен агент қызметтеріне ақы төлеуді жүзеге асырсын.

      4. "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдауға
арналған бюджет қаражатын басқару үшін агентті айқындау және бюджет
қаражатынан агенттің қызметіне ақы төлеу мөлшері мен тәртібін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 997  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 35, 467-құжат):
      тақырыбындағы»"және бюджет қаражатынан агенттің қызметіне ақы төлеу мөлшері мен тәртібін белгілеу" деген сөздер алынып тасталсын;
      1-тармақтағы»"жабық" деген сөз алынып тасталсын;
      2, 4, 5-тармақтар алынып тасталсын.

      5. "Арнайы шоттағы ақшаны пайдалану және уақытша бос қаражатты
орналастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 қыркүйектегі N 973  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 35, 463-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                            Қазақстан Республикасы  
                                                  Үкіметінің
                                           2006 жылғы 29 қарашадағы
                                                N 1133 қаулысымен
                                                  бекітілген

  Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдалану ережесі

1. Жалпы ережелер

         1.   Осы Ереже»"Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңына сәйкес өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдалану тәртібін реттейді.

      2. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін бюджет қаражаты және уақытша бос ақшаны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі (бұдан әрі - Ұлттық Банк) депозиттерге орналастырудан түскен кірістер есептелетін Ұлттық Банктегі шоттағы ақша мынадай мақсаттарда пайдаланылады:
      1) қолайсыз табиғат құбылыстарының нәтижесінде туындаған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандырушыға сақтандыру төлемдерінің елу пайызын өтеуге;
      2) уақытша бос қаражатты Ұлттық Банктегі депозиттерге орналастыруға.

  2. Ағымдағы шоттан ақшаны пайдалану тәртібі

      3. Агент ағымдағы шоттан сақтандырушының банктік шотына сақтандыру төлемдерінің бір бөлігін өтеу сомасын аудару үшін Ұлттық Банкке өтемді төлеуге арналған төлем тапсырмасын, өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шарттарының көшірмелерін және сақтандырушының өтеген сақтандыру төлемін растайтын құжаттарды (төлем тапсырмасының түпнұсқасын, сақтандырушының мөрімен куәландырылған шығыс ордерінің телнұсқасын) береді.

      4. Сақтандырушы ағымдағы шоттан ақшаны алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде агенттің сақтандыру төлемінің бір бөлігін өтеу сомалары бойынша агентпен салыстырып тексеру актісін үш данада ресімдейді.

      5. Тоқсан сайын есептіден кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей агент өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға осы Ережеге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша сақтандыру төлемдерінің бір бөлігіне жүргізілген өтемдер туралы мынадай құжаттарды ұсына отырып, есептер береді:
      сақтандырушылармен жасалған салыстырып тексеру актісі;
      жүргізілген өтем төлемдері туралы ағымдағы шоттан үзінді көшірме;
      өтемдерді төлеуге арналған төлем құжаттарының көшірмелері.

      6. Сақтандырушы агентке көрінеу жалған мәліметтер хабарлаған және (немесе) ұсынған жағдайда агент сақтандырушыға жүргізілген сақтандыру төлемінің бір бөлігін өтеуден бас тартады.

      7. Агент ағымдағы шоттан түсетін қаражаттың түсімдері және оларды пайдалану жөніндегі операцияларды бухгалтерлік есепке алуды жарғылық қызмет нәтижелерінен оқшау жүргізеді.

      8. Қаржы жылының соңындағы ағымдағы шоттағы қаражат қалдықтары өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға және тиісінше бюджетке қайтаруға жатпайды.

      9. Агент өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Ұлттық Банкпен салым операцияларын жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын стандартты шарттар туралы бас келісім жасасу жолымен ағымдағы шоттан уақытша бос қаражатты Ұлттық Банктегі депозиттік шоттарға орналастырады.

      10. Уақытша бос қаражатты депозиттерге орналастырудан алынған
кірістер ағымдағы шотқа есептеледі.

      11. Агенттің қызметін бақылауды уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

                                  Өсімдік шаруашылығындағы міндетті
                                 сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін
                                     ақшаны пайдалану ережесіне
                                              1-қосымша

  200_жылғы __ __________ 200_жылғы __ __________________________
      кезеңдегі агенттің ағымдағы шоты бойынша ақшаның
                  қозғалысы туралы есеп

                                                       (теңгемен)

Р/с
N

 

Атауы

Тоқсандар  бойынша сома

Есепті   кезе ң дегі ақша  қоз ғ алысыны ң  жиыны

1

2

3

4

  

1

Тоқсанның басындағы ақшаның қалдығы

  

  

  

  

  

2

Есепті кезеңде түсетін  түсімдер, барлығы (3 + 4)

  

  

  

  

  

  

оның ішінде:

  

  

  

  

  

3

Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінген қаражат

  

  

  

  

  

4

Депозиттік шоттан түсетін сыйақы

  

  

  

  

  

5

Шығыстар, барлығы (6 + 7)

  

  

  

  

  

  

оның ішінде:

  

  

  

  

  

6

Сақтандыру төлемдерінің өтелуі

  

  

  

  

  

7

Депозитке орналастыру

  

  

  

  

  

8

Есепті кезең соңындағы қаражаттың қалдығы  (1+2-5)

  

  

  

  

  

Агенттің басшысы ______________________
                        (қолы, Т.А.Ә.)
 

Бас бухгалтер __________________________
                        (қолы, Т.А.Ә.)             M.O.

                                  Өсімдік шаруашылығындағы міндетті
                                 сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін
                                      ақшаны пайдалану ережесіне
                                              2-қосымша

      Өсімдік   шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы
            200_ жылғы__ _______жағдай бойынша есеп
                                                    (теңгемен)

Р/с
N

Сақтандыру  компаниясыны ң  атауы  (облыс атауы)

Жасал ғ ан  шарттар саны (бірл.)

Барлық   сақтандырыл ғ ан ала ң  (га)

Сақтанушылармен  жасалған шарттар  бойынша жалпы сақтандыру сомасы

Сақтандырушыны ң  сақтанушылар ғ а өндірген сақтандыру  төлеміні ң  сомасы

Агентті ң  сақтанушы ғ а  сақтандыру төлеміні ң  бір бөлігін өтеу  сомасы

  

  

  

  

  

  

  

1

2

3

4

5

6

7

  Агенттің басшысы _________________
                     (қолы, Т.А.Ә.)

Бас бухгалтер  ______________________
                      (қолы, Т.А.Ә.)             M.O.