Арнайы шоттағы ақшаны пайдалану және уақытша бос қаражатты орналастыру ережесiн бекiту туралы Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.11.29. N 1133 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 қыркүйектегі N 973 Қаулысы

      "Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:

      1. Қоса берiліп отырған Арнайы шоттағы ақшаны пайдалану және уақытша бос қаражатты орналастыру ережесi бекiтілсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2004 жылғы 17 қыркүйектегi
N 973 қаулысымен   
бекiтілген      

  Арнайы шоттағы ақшаны пайдалану және уақытша бос қаражатты орналастыру ережесi

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес агенттің арнайы шоттағы ақшаны пайдалану және уақытша бос қаражатты орналастыру тәртiбiн pеттейді.
      2. Арнайы шоттағы ақша мынадай мақсаттарға жұмсалады:
      1) қолайсыз табиғат құбылыстарының нәтижесiнде туындаған сақтандыру жағдайы бойынша сақтандырушыға сақтандыру төлемiнің елу пайызын өтеуге;
      2) уақытша бос ақшаны депозитке орналастыруға;
      3) агенттiң қызметтерiне ақы төлеуге.
      3. Осы ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) агент - өсiмдiк шаруашылығындағы мiндетті сақтандыруды қолдау үшiн республикалық бюджеттен бөлiнетiн қаражатты басқару үшін Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілейтiн мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға;
      2) арнайы шот - өсiмдiк шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшiн бөлiнетiн бюджет қаражаты есепке алынатын қазынашылықтағы шот;
      3) сақтандырушы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен өсiмдiк шаруашылығындағы міндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алған, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе шартпен белгіленген сома (сақтандыру сомасы) шегiнде оның пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) сақтандыру төлемiн жүргiзуге міндеттi заңды тұлға;
      4) бағалау кiрiсi - егiн жиналғаннан кейін және оны алуға қолайсыз табиғат құбылысы әсер еткен өсiмдiк шаруашылығы өнiмi түрінің бар көлемi сатылғанға дейiн есептелiнетін кiрiс.

  2. Ақшаның арнайы шотқа түсу тәртiбi

      4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрi - АШМ) агентпен өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды қолдауға республикалық бюджеттен бөлiнген бюджет қаражатын басқару шартын (бұдан әрi - басқару шарты) жасайды.
      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi (бұдан әрi - Қаржыминi) белгiленген тәртiппен басқару шартының сомасына мiндеттемелер қабылдауға АШМ-ға қазынашылық рұқсат бередi.
      6. Қаржыминi басқару шарты негiзiнде заңнамада белгiленген тәртiппен агентке бюджет қаражатын басқаруды жүзеге асыру үшiн арнайы шот ашады.
      7. АШМ жыл сайын, арнайы шот ашылған сәттен бастап 5 жұмыс күнiнен кешiктiрмей, өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды қолдауға бөлiнген бюджет қаражатын бiрыңғай траншпен Агенттiң арнайы шотына аударады.

  3. Арнайы шоттағы ақшаны пайдалану тәртiбi

      8. Агенттiң қызметтерiне арнайы шоттан ақы төлеу АШМ және Агент арасында өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды қолдауға бөлiнген бюджет қаражатын басқару шарты жасалғаннан кейiн 15 күнтiзбелiк күн iшiнде жылына бiр рет жүзеге асырылады.
      9. Сақтандырушы агентпен жасалған шарттағы талаптардың мiндетті түрде сақталуымен сақтандыру төлемi жөнiндегi өзiнiң мiндеттемелерiн толық орындағаннан кейiн ғана сақтандырушы өндiрген сақтандыру төлемiнiң бiр бөлiгiн өтеудi Агент жүзеге асырады.
      10. Агент қолайсыз табиғат құбылыстарының нәтижесiнде туындаған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандырушыларға сақтандыру төлемдерiнiң елу пайызын өтеудi соңғысы өтiнiш берген күннен бастап бiр ай мерзiмде мынадай құжаттарды қоса бере отырып, жүзеге асырады:
      өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шартының нотариалды расталған көшiрмесi;
      жүргiзiлген сақтандыру төлемiн растайтын құжаттар (төлем тапсырмасы - түпнұсқа, шығыс ордерi - нотариалды расталған көшiрме);
      комиссияның барлық мүшелерi қол қойған зерттеу актiсi;
      гидрометеорологиялық қызмет органының және (немесе) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлетті мемлекеттік органның өз құзыретіне сәйкес қолайсыз табиғат құбылысы фактiсiн растайтын анықтаманың нотариалды расталған көшiрмесi;
      сақтандырушы растаған бағалау кiрiсін бағалау туралы құжаттың көшiрмесi.
      11. Агент арнайы шоттан сақтандырушының банктiк шотына сақтандыру төлемдерiнiң бiр бөлігін өтеу сомасын аудару үшiн құжаттардың осы Ереженiң талаптарына сәйкестігін тексередi және олар толық сәйкес болған жағдайда Қаржыминi қазынашылығының аумақтық органына өтеудi төлеуге арналған төлем тапсырмасын, өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шарттарының көшiрмелерiн және сақтандырушы жүргізген сақтандыру төлемiн растайтын құжаттарды (төлем тапсырмасының түпнұсқасы, шығыс ордерiнiң нотариалды расталған көшiрмесi) бередi.
      12. Сақтандырушы Агентпен бiрге арнайы шоттағы ақшаны aлғаннан кейiн 5 жұмыс күнi iшiнде Агенттiң сақтандыру төлемiнiң бір бөлігін өтеу сомасы бойынша үш данадағы салыстыру актісiн ресiмдейдi.
      13. Агент тоқсан сайын, есептiден кейiнгi айдың 20-күнiнен кешіктiрмей 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша сақтандыру төлемдерiнiң бiр бөлігін өндiрiлген өтеу туралы есептердi АШМ-ге мынадай құжаттарды қоса берiп ұсынады:
      сақтандырушылармен жасалған салыстыру актiлерi;
      арнайы шоттан өтеулердiң өндiрiлген төлемдерi туралы үзiндi көшiрме;
      өтеулердi төлеуге арналған төлем құжаттарының көшiрмелерi.
      14. Сақтандырушы агентке көрінеу жалған мәлiметтердi немесе өндiрiлген сақтандыру төлемiнiң бір бөлiгiн өтеуге байланысты құжаттарды хабарлаған және (немесе) берген жағдайда агент сақтандырушыға өндiрiлген сақтандыру төлемiнiң бір бөлiгiн өтеуден бас тартады.
      15. Агент арнайы шоттың түсiмдерi мен қаражатын пайдалану жөнiндегі операциялардың бухгалтерлiк есебiн өз қызметiнiң нәтижелерiнен оқшау жүргiзедi.
      16. Агенттің арнайы шоттағы қаражатының қаржы жылының соңындағы есептелген қалдығы бюджетке қайтарылуға жатпайды және осы Ереженің 2-тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес пайдаланылады.
      17. Агент бюджет қаражатын орынсыз пайдаланғаны үшiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы  заңнамасына  сәйкес жауап бередi.
      18. Агенттiң арнайы шотындағы ақшаның мақсатты пайдаланылуын бақылауды уәкiлеттi мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.  РҚАО-ның ескертуі.   P020832  (9-бөлім),  P990626
      19. Агент жыл сайын тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобасын құру кезiнде сақтандырушыларға сақтандыру төлемдерiнiң бiр бөлiгiн өтеу үшiн бюджет қаражатына есептелген қажеттiлiктi АШМ-ге ұсынады.

  4. Уақытша бос қаражатты депозитке орналастыру тәртiбi

      20. Агент АШМ-мен келiсiм бойынша уақытша бос қаражаттың бiр бөлiгiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде (бұдан әрi - ҰБ) депозиттік шотқа ҰБ-мен Салым операцияларын жүзеге асыру кезiнде қолданылатын стандарттық шарттар туралы тиiстi бас келiсiм (бұдан әрi - Бас келiсiм) жасасу жолымен орналастырады.
      21. Салым бойынша сыйақы ставкасы Бас келiсiммен айқындалады және рынок конъюнктурасы мен ҰБ ұсынысы ескерiле отырып белгiленедi.
      22. Сыйақы сомасы Бас келiсiмде көзделген ставкаға сәйкеc есептеледі.
      23. Есептелген сыйақымен банк салымын қайтару мерзiмi бұзылған кезде ҰБ агентке Бас келiсiмнiң шарттарына сәйкес тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсiмақы) төлеуге тиiс.
      24. Мерзiмдi банк салымдарын бастапқы орналастыру мерзiмi үш күнтiзбелiк айдан аспауға тиiс және одан әрi мерзiмдердi ұзарту үш айдан аспайтын мерзiмге рұқсат етіледi.
      25. Бас келiсiм мерзiмiнен бұрын бұзылған жағдайда, есептелген сыйақымен банк салымын қайтару мерзiмi талап түскен күндi қоса алғанда, бес банктiк күннен аспауға тиiс.
      26. ҰБ Бас келiсiмнiң мерзiмi аяқталған соң Бас келiсiмге сәйкес деректемелер берудiң айтылған шарттары бойынша агентке банк салымының және сыйақының сомасын қайтарады.
      27. Арнайы шоттағы уақытша бос қаражатты депозиттерге орналастырудан түскен кiрiстер арнайы шотты толтыруға пайдаланылады.
      28. Агент тоқсан сайын есептiден кейiнгі айдың 20-күнiнен кешiктiрмей арнайы шоттағы уақытша бос қаражатты депозиттерге орналастыру және алынған кiрiстер туралы ақпаратты АШМ-ге бередi.

Арнайы шоттағы ақшаны  
пайдалану және уақытша  
бос қаражатты орналастыру
ережесiне        
1-қосымша        

200_ жылғы __ ______ бастап 200_ жылғы __ ______
кезеңдегi Агенттiң арнайы шоты
бойынша ақшаның қозғалысы туралы
есеп

____________________________________________________________________
             Атауы                |    Тоқсандар     |    Есептi
                                  |  бойынша сомасы  |кезеңдегі ақша
                                  |                  | қозғалысының
                                  |                  |    жиыны
__________________________________|__________________|______________
                                  | 1 |  2  | 3 | 4  |
__________________________________|___|_____|___|____|______________
200_ жылғы 1 қаңтардағы ақша
қалдығы

Есептi кезеңдегi түсетін түсiмдер,

Барлығы

оның ішінде:

бюджет қаражаты

депозиттік шоттан түсетін сыйақы

Шығыстар, барлығы

оның ішінде:

сақтандыру төлемдерінің өтелуi

агенттiң қызметтеріне ақы төлеу

депозитке орналастыру

Eceпті кезеңінің соңындағы
қаржының қалдығы
____________________________________________________________________

      Агенттің басшысы _________________________________
                        (қолы, тегi, аты, әкесінің аты)

                                                   мөр орны

      Бас бухгалтер ____________________________________
                        (қолы, тегi, аты, әкесiнің аты)

Арнайы шоттағы ақшаны  
пайдалану және уақытша  
бос қаражатты орналастыру
ережесiне        
2-қосымша        

Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы
200_ жылғы ____ _______ жағдай бойынша есеп

                                                      (теңгемен)
____________________________________________________________________
P/c|Сақтандыру|Сақтанушы.|Сақтанушы. | Сақтандырушы. |  Агенттің
 N |ұйымының  | лармен   | лармен    |ның сақтанушы. | сақтандыру.
   | атауы    |жасалған  | жасалған  | ларға өндiрген|     шыға
   |          |шарттардың|  шарттар  |  сақтандыру   | сақтандыру
   |          |  саны    | бойынша   | төлемдерiнiң  | төлемдерiнiң
   |          |          |  жалпы    |    сомасы     | бiр бөлiгiн
   |          |          |сақтандыру |               |  өтеу сомасы
   |          |          |  сомасы   |               |
___|__________|__________|___________|_______________|______________
____________________________________________________________________

      Агенттің басшысы _________________________________
                        (қолы, тегi, аты, әкесінің аты)

                                                   мөр орны

      Бас бухгалтер ____________________________________
                        (қолы, тегi, аты, әкесiнің аты)