Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1228 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 қарашадағы N 1128 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1228  қаулысына  мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға 4-қосымшада:
      "Тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға" бағанында реттiк нөмiрлерi 1, 3, 5, 9, 12, 13, 14-жолдарда "216403", "160257", "67273", "191585", "30037", "153575", "298296" деген сандар тиiсiнше, "216654", "160957", "33127", "208465", "30185", "169045", "298993" деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi. 

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі