Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервiнен қаражат бөлу және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1228 қаулысына толықтыру мен өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 қарашадағы N 1118 Қаулысы

Қолданыстағы

      "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы  Заңына , "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiн пайдалану ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1405  қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiне Оңтүстiк Қазақстан облысының ЖҚТБ-ға қарсы күрес және оның алдын алу жөнiндегi облыстық орталығын жарақтандыруға Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмiне аудару үшiн 2006 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шұғыл шығындарға арналған резервiнен жалпы сомасы 100101400 (бiр жүз миллион бiр жүз бiр мың төрт жүз) теңге нысаналы трансферттер бөлiнсiн.

      2. "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1228  қаулысына  мынадай толықтыру мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
      II "Шығындар" бөлiмiнде:
      05 "Денсаулық сақтау" функционалдық тобында, 226 "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi" әкiмшiсi бойынша мынадай мазмұндағы бағдарламамен толықтырылсын:
      "109 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шұғыл шығындарға арналған резервiнiң есебiнен iс-шаралар өткізу";
      05 "Денсаулық сақтау" функционалдық тобында, 09 "Денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызметтер" iшкi функциясында 226 "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi" әкiмшiсi бойынша "109 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шұғыл шығындарға арналған резервiнiң есебiнен iс-шаралар өткiзу" бюджеттiк бағдарламасы бойынша шығындар Оңтүстiк Қазақстан облысының ЖҚТБ-ға қарсы күрес және оның алдын алу жөнiндегi облыстық орталығын жарақтандыруға 100101 мың теңге сомасына ұлғайтылсын;
      13 "Басқалар" функционалдық тобында, 09 "Басқалар" iшкi функциясында, 217 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi" әкiмшiсi бойынша:
      010 "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервi" бағдарламасында, 101 "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шұғыл шығындарға арналған резервi" кiшi бағдарламасында шығындар 100101 мың теңге сомасына азайтылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгі бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі