Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1228 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 қарашадағы N 1101 Қаулысы

Қолданыстағы

      "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы  Заңына , "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1405  қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасына Астана
қаласында Есіл өзенінің сол жақ жағалауындағы "Министрліктер Үйі" ғимаратын ұстауға 2006 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 239137000 (екі жүз отыз тоғыз миллион бір жүз отыз жеті мың) теңге бөлінсін.

      2. "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан
Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1228  қаулысына  мынадай
өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      II "Шығындар" бөлімінде:
      01 "Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер" функционалдық тобында 01 "Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкілді, атқарушы және басқа органдар" ішкі функциясында 694»"Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы" әкімшісі бойынша 109 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу" бюджеттік бағдарламасы бойынша шығындар Астана қаласында Есіл өзенінің сол жақ жағалауындағы "Министрліктер Үйі" ғимаратын ұстау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін 239137000 теңге сомасына ұлғайтылсын;
      13 "Басқалар" функционалдық тобында 09 "Басқалар" ішкі функциясында 217»"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі" әкімшісі бойынша 010 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві" бағдарламасында 101 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резерві" кіші бағдарламасында шығындар 239137000 теңге сомасына азайтылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі