Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Азаматтық авиация комитетiнiң шаруашылық жүргізу құқығындағы "Мемлекеттiк авиациялық орталық" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құру және маңызды стратегиялық мәнi бар мемлекеттiк сатып алу туралы

Қазақстан Респуликасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 қарашадағы N 1085 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Азаматтық авиация комитетiнiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Мемлекеттiк авиациялық орталық" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - кәсiпорын) құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Азаматтық авиация комитетi кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн.

      3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы үшiн ұшу құрамын және Қазақстан Республикасы Қарулы күштерi Әуе қорғанысы күштерiнiң Әскери институты үшiн әскерге шақыру жасына дейiнгi адамдарды бастапқы даярлауды қамтитын бiлiм беру саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру болып белгiленсiн.

      4. 2006 жылға кәсiпорын сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар пилоттарды бастапқы даярлау үшiн жағдайларды қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтердi көрсетушi болып белгiленсiн.

      5. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiне кәсiпорынның жарғылық капиталын қалыптастыру үшiн 2006 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шұғыл шығындарға арналған резервiнен 11000000 (он бiр миллион) теңге сомасында қаражат бөлiнсiн.

      6. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) кәсiпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне бекiтуге енгiзсiн;
      2) кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      3) Қазақстан Республикасы Қаржы, Қорғаныс, Төтенше жағдайлар, Бiлiм және ғылым министрлiктерiмен және Астана қаласының әкiмдiгiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      7. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгiзiлсiн:

      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;

      2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796; 19.09.2014 № 995 қаулысымен.

      8. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң "Мемлекеттiк авиациялық орталық" мемлекеттiк мекемесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 19 мамырдағы N 428  қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2006 ж., N 18, 174-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

      9. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі