Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердiң қарудың, оқ-дәрiлердiң және жарылғыш заттардың заңсыз айналымына қарсы күрестегi ынтымақтастығы туралы келiсiмге қол қою туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 қарашадағы N 1083 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 тамыздағы N 767 Қаулысымен

Күшін жойған

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.08.26  N 767 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Қоса берiлiп отырған Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердiң қарудың, оқ-дәрiлердiң және жарылғыш заттардың заңсыз айналымына қарсы күрестегi ынтымақтастығы туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасы Амангелдi Смағұлұлы Шабдарбаевқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердiң қарудың, оқ-дәрiлердiң және жарылғыш заттардың заңсыз айналымына қарсы күрестегi ынтымақтастығы туралы келiсiмге қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң        
2006 жылғы 15 қарашадағы 
N 1083 қаулысымен   
мақұлданған  

Жоба

  Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердiң қарудың, оқ-дәрiлердiң және жарылғыш заттардың заңсыз айналымына қарсы күрестегi ынтымақтастығы туралы келiсiм

      Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердiң үкiметтерi (бұдан әрi - Тараптар),
      қарудың, оқ-дәрiлердiң және жарылғыш заттардың заңсыз айналымы ауқымының кеңеюiне алаңдаушылық бiлдiре отырып,
      қарудың, оқ-дәрiлердiң және жарылғыш заттардың заңсыз айналымы Тараптар мемлекеттерiнiң қауiпсiздiгiне айтарлықтай қауiп төндiретiнiн сезiне отырып,
      қарудың, оқ-дәрiлердiң және жарылғыш заттардың заңсыз айналымына қарсы күреске бағытталған тиiмдi шараларды қабылдауда мүдделiлiктi негiзге ала отырып,
      2002 жылғы 7 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының  Хартиясын , 2001 жылғы 15 маусымдағы Терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай  конвенциясын басшылыққа ала отырып,
      халықаралық құқықтың жалпыға бiрдей танылған қағидаттары мен нормаларын назарға ала отырып,
      мына төмендегiлер туралы келiстi:

  1-бап

      Осы Келiсiмнiң мақсаты үшiн қолданылатын ұғымдар мынаны бiлдiредi:
      қару - ұңғы арнасындағы лақтырғыш зарядтың жануы кезiнде пайда болатын газдар есебiнен бағытталған қозғалысқа түсетiн снарядпен арақашықтықтан нысананы механикалық зақымдауға арналған зат, сондай-ақ оның негiзгi бөлiктерi;
      оқ-дәрiлер - нысананы зақымдауға арналған және жарылатын, лақтырылатын пиротехникалық немесе сындырғыш зарядтарды құрайтын қару-жарақ заттары және лақтырылатын жабдық не олардың тipкeci;
      жарылғыш зат - конденсацияланған химиялық зат немесе сыртқы ықпалдың әсерiнен белгiлi бiр жағдайда тез өз бетiнше таралатын химиялық құбылысқа - зор көлемде жылу және газ тәрiздес өнiмдер бөле отырып, жарылысқа айналатын осындай заттардың қоспасы;
      қарудың, оқ-дәрiлердiң және жарылғыш заттардың заңсыз айналымы - қаруды, оқ-дәрiлердi және жарылғыш заттарды Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасын бұза отырып, жүзеге асырылатын әзiрлеу немесе жөндеу, өткiзу, беру, сатып алу, сақтау, алып жүру, тасымалдау.

  2-бап

      Тараптар өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасы мен халықаралық мiндеттемелерiне, сондай-ақ осы Келiсiмге сәйкес қарудың, оқ-дәрiлердiң және жарылғыш заттардың заңсыз айналымына қарсы күресте ынтымақтастықты жүзеге асырады.

  3-бап

      Қарудың, оқ-дәрiлердiң және жарылғыш заттардың заңсыз айналымына қарсы күресте ынтымақтастық мынадай негiзгi бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
      келiсiлген шараларды әзiрлеу;
      Тараптар мемлекеттерi құзыреттi органдарының қызметiн үйлестiру;
      ынтымақтастықтың құқықтық негiздерiн жетiлдiру;
      Тараптар мемлекеттерi құзыреттi органдарының материалдық-техникалық базасын жетiлдiру;
      Тараптар мемлекеттерi құзыреттi органдарының қызметiн ғылыми-техникалық, ақпараттық және талдамалық қамтамасыз ету;
      халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
      қарудың, оқ-дәрiлердiң және жарылғыш заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес мәселелерi бойынша Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасын үйлесiмдi ету;
      халықаралық форумдарда сөз сөйлеу үшiн келiсiлген ұстанымдарды әзiрлеу.

  4-бап

      Қарудың, оқ-дәрiлердiң және жарылғыш заттардың заңсыз айналымына қарсы күресте ынтымақтастық Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес мынадай нысандарда жүзеге асырылады:
      1) мыналар:
      дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстар және оған қатысты адамдар мен ұйымдар туралы;
      қаруды, оқ-дәрiлердi және жарылғыш заттарды заңсыз өндiретiн жерлер туралы;
      олардың зақым келтiру қасиеттерiн арттыру үшiн қаруды және оқ-дәрiлердi қайта жасаудың анықталған заңсыз жаңа әдiстерi туралы;
      қарудың, оқ-дәрiлердiң және жарылғыш заттардың айналымы саласында қылмыстардың жасалуына ықпал ететiн анықталған құқық бұзушылықтар туралы;
      қарудың, оқ-дәрiлердiң және жарылғыш заттардың заңсыз айналымы фактiлерiн алдын алудың, анықтаудың, жолын кесудiң және тексерудiң жаңа әдiстерiн әзiрлеу туралы;
      өзара қызығушылық тудыратын өзге де ақпаратпен алмасу;
      2) келiсiлген жедел-iздестiру және өзге де iс-шараларды өткiзу;
      3) жекелеген уағдаластықтар негiзiнде материалдық-техникалық және консультативтiк көмек көрсету, сондай-ақ сараптамалық зерттеулердi жүргiзуге жәрдемдесу;
      4) тәжiрибе, оның iшiнде қарудың, оқ-дәрiлердiң және жарылғыш заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес мәселелерi бойынша кеңестер, конференциялар және семинарлар өткiзу жолымен алмасу;
      5) заңнамалық, нормативтiк құқықтық кесiмдермен, әдiстемелiк ұсынымдармен алмасу, қарудың, оқ-дәрiлердiң және жарылғыш заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес мәселелерi жөнiнде оқу және ғылыми әдебиеттер сатып алуға жәрдемдесу;
      6) кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн, оның iшiнде тағылымдамаларды ұйымдастыру жолымен арттыру;
      7) қарудың, оқ-дәрiлердiң және жарылғыш заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес проблемалары бойынша өзара қызығушылық тудыратын бiрлескен ғылыми зерттеулер өткiзу;
      8) Шанхай ынтымақтастық ұйымы Өңiрлiк терроризмге қарсы құрылымының деректер банкiне террористiк актiлер жасалған кезде қарудың, оқ-дәрiлердiң және жарылғыш заттардың пайдаланылғаны туралы ақпаратты жiберу.
      Тараптар ынтымақтастықтың өзге де өзара тиiмдi нысандарын анықтауы және дамытуы мүмкiн.

  5-бап

      Осы Келiсiмде көзделген ынтымақтастық Тараптар мемлекеттерiнiң құзыреттi органдары арасында тiкелей жүзеге асырылады. 
      Тараптар осы Келiсiмнiң кyшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдер орындалғаннан кейiн 30 күн iшiнде депозитарийге осы Келiсiмдi iске асыруға жауапты құзыреттi органдар туралы, сондай-ақ құзыреттi органдардың және/немесе олардың атауларының өзгеруi туралы жазбаша нысанда хабарлайды.

  6-бап

      Тараптар мемлекеттерi құзыреттi органдарының арасындағы осы Келiсiм шеңберiндегi өзара iс-қимыл жәрдемдесу туралы сұрау салу негiзiнде, сондай-ақ Тараптардың бiрiнiң мемлекетi құзыреттi органының бастамасы бойынша хабардар ету жолымен екi жақты және көп жақты форматтарда жүзеге асырылады.
      Сұрау салу немесе ақпарат жазбаша нысанда жiберiледi. Сұрау салу немесе ақпарат кейiнге қалдырылмайтын жағдайда ауызша берiлуi мүмкiн, бiрақ 72 сағаттан кешiктiрмей, қажет болған кезде мәтiндi берудiң техникалық құралдарын пайдалана отырып, жазбаша қайталанып берiлуi тиiс.
      Сұрау салудың немесе ақпараттың түпнұсқалығына не мазмұнына күмән туындаған жағдайда көрсетiлген құжаттарды қосымша растау немесе түсiнiк беру сұралуы мүмкiн.
      Сұрау салу:
      сұрау салушы және сұрау салынушы құзыреттi органдардың атауларын;
      сұрау салудың мақсаты мен негiздемесiн;
      сұрау салынып отырған жәрдемдесудiң мазмұнын сипаттауды;
      сұрау салудың уақтылы және тиiсiнше орындалуы үшiн пайдасы болуы мүмкiн басқа ақпаратты;
      егер қажет болса, оның жасырындылық дәрежесiн көрсетудi қамтуы тиiс.
      Жазбаша нысанда берiлген сұрау салуға немесе ақпаратқа жiберушi құзыреттi орган бастығы немесе оның орынбасарлары қол қояды және/немесе осы құзыреттi органның елтаңбалы мөрiмен куәландырылады.

  7-бап

      Сұрау салынушы құзыреттi орган сұрау салудың жылдам және мүмкiндiгiнше неғұрлым толық орындалуын қамтамасыз ету үшiн барлық қажеттi шараларды қабылдайды және ол түскен күннен бастап 30 тәулiктен аспайтын мерзiмде сұрау салушы құзыреттi органға оны қарау нәтижелерi туралы хабарлайды.
      Сұрау салушы құзыреттi орган сұрау салудың орындалуына кедергi келтiретiн немесе оның орындалуын елеулi кешiктiретiн жағдайлар туралы тез арада хабардар етiледi.
      Егер сұрау салудың орындалуы сұрау салынушы құзыреттi органның құзыретiне жатпаса, онда ол сұрау салуды өз мемлекетiнiң оны орындауға құзыреттi басқа органына бередi және бұл туралы сұрау салушы құзыреттi органға тез арада хабарлайды.
      Сұрау салынушы құзыреттi орган, оның пiкiрiнше, сұрау салудың орындалуы үшiн қажетті қосымша мәлiметтердi сұратуы мүмкін.
      Сұрау салудың орындалуы кезiнде оны орындау аумағында жүзеге асырылатын мемлекеттiң заңнамасы қолданылады. Егер сұрау салынушы құзыреттi орган мемлекетiнiң заңнамасына немесе халықаралық мiндеттемелерiне қарама-қайшы келмейтiн болса, сұрау салушы құзыреттi органның өтiнiшi бойынша оның мемлекетiнiң заңнамасы қолданылуы мүмкiн.
      Сұрау салынушы құзыреттi орган, егер сұрау салынушы құзыреттi органның мемлекеттiк заңнамасына қарама-қайшы келмейтiн болса, сұрау салушы құзыреттi орган өкiлдерiне сұрау салуды орындау кезiнде қатысуға рұқсат етуi мүмкiн. 
      Егер сұрау салынушы құзыреттi орган сұрау салудың орындалуы оның мемлекетiнiң егемендiгiне, қауiпсiздiгiне, қоғамдық тәртiбiне немесе басқа да елеулi мүдделерiне зиян келтiруi мүмкiн не сұрау салынушы құзыреттi орган мемлекетiнiң заңнамасы немесе халықаралық мiндеттемелерiне қарама-қайшы келедi деп пайымдаса, оның орындалуы кейiнге қалдырылуы немесе оны орындаудан толық немесе iшiнара бас тартылуы мүмкiн.
      Сондай-ақ, егер оған байланысты ол жасаған iс-әрекет сұрау салынушы құзыреттi орган мемлекетiнiң заңнамасы бойынша қылмыс болып табылмайтын болса, сұрау салуды орындаудан бас тартылуы мүмкiн.
      Егер осы баптың 7 немесе 8-абзацтарына сәйкес сұрау салуды орындаудан толық немесе iшiнара бас тартылса немесе оның орындалуы кейiнге қалдырылатын болса, сұрау салушы құзыреттi орган бұл туралы жазбаша нысанда хабардар етiледi.

  8-бап

      Егер алынған ақпарат пен құжаттар жасырын сипатта болса немесе жiберушi Тарап олардың жария болуын қажет деп таппаса, әрбiр Тарап олардың құпиялылығын қамтамасыз етедi. Ақпарат пен құжаттардың жасырындылық дәрежесiн жiберушi Тарап анықтайды.
      Осы Келiсiм негiзiнде алынған ақпарат немесе сұрау салудың орындалу нәтижелерi олар сұратылған немесе берiлген мақсаттардан өзге мақсаттарда оларды берген Тараптың жазбаша келiсiмiнсiз пайдаланылмайды.
      Осы Келiсiм негiзiнде бiр Тарап басқа Тараптан алған ақпарат пен құжаттар оларды берген Тараптың алдын ала жазбаша келiсiмiнсiз үшiншi тарапқа беруге жатпайды.

  9-бап

      Егер әрбiр нақты жағдайда өзгеше тәртiп келiсiлмесе, Тараптар өз мемлекеттерiнiң аумақтарында осы Келiсiмнiң орындалуына байланысты шығыстарды дербес көтередi.

  10-бап

      Осы Келiсiмнiң шеңберiнде ынтымақтастықтың нәтижелерiн талдау және бағалау, сондай-ақ оны жетiлдiру жолдарын әзiрлеу мақсатында Тараптар консультациялар мен кеңестер өткiзуi мүмкiн.

  11-бап

      Тараптар осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруге немесе қолдануға байланысты туындауы мүмкiн даулы мәселелердi консультациялар мен келiссөздер арқылы шешетiн болады.

  12-бап

      Осы Келiсiм Тараптардың олар қатысушылары болып табылатын басқа да халықаралық шарттардан туындайтын құқықтары мен мiндеттемелерiн қозғамайды.

  13-бап

      Осы Келiсiмнiң шеңберiнде ынтымақтастықты жүзеге асыру кезiнде Тараптар жұмыс тiлi ретiнде орыс және қытай тiлдерiн пайдаланады.

  14-бап

      Осы Келiсiмге Тараптардың келiсiмiмен осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылатын хаттамалар түрiнде ресiмделетiн өзгерiстер енгiзiлуi мүмкiн және осы Келiсiмнiң 15-бабында белгiленген тәртiппен күшiне енедi.

  15-бап

      Осы Келiсiм белгiленбеген мерзiмге жасалады және осы Келiсiмнiң күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы жазбаша нысандағы төртiншi хабарламаны депозитарий алған күнiнен бастап 30-күнi күшiне енедi.
      Шанхай ынтымақтастық ұйымының Хатшылығы осы Келiсiмнiң депозитарийi болып табылады, ол осы Келiсiмге қол қойылған күннен бастап 15 күн iшiнде Тараптарға оның куәландырылған көшiрмелерiн жiбередi.
      Депозитарий Тараптан осы Келiсiмдi iске асыруға жауапты құзыреттi органдар туралы хабарламаны алған күнiнен бастап 15 күн iшiнде бұл туралы басқа Тараптарға хабарлайды.
      Осы Келiсiм 2001 жылғы 15 маусымдағы Терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясына қатысушы болып табылатын мемлекеттердiң бiрiгуi үшiн ашық. Бiрiккен мемлекет үшiн осы Келiсiм депозитарий оның бiрiккендiгi туралы құжатты алған күнiнен бастап 30-күнi күшiне енедi.
      Осы Келiсiм Тараптардың кез келгенiне қатысты, ол Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет болып табылатын кезде күшiнде болады. 
      200 "____"___________ ________ қаласында орыс және қытай тiлдерiнде бiр данада жасалды, бұл ретте екi мәтiннiң де күшi бiрдей. 

      Қазақстан Республикасының      Қытай Халық Республикасының
           Yкiметi үшiн                    Үкiметi үшiн

      Қырғыз Республикасының Үкiметi     Ресей Федерациясының
              үшін                          Yкiметi үшiн

      Тәжiкстан Республикасының       Өзбекстан Республикасының
          Yкiметi үшiн                       Yкiметi үшiн