Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы қарудың, оқ-дәрілердің және жарылғыш заттардың заңсыз айналымына қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 тамыздағы N 767 Қаулысы

      "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы  Заңына , "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225  қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне "ЭКСПО - 2008, Сарагоса" дүниежүзілік көрмесінде Қазақстан Республикасының Ұлттық күнін өткізуге 2008 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 38008315 (отыз сегіз миллион сегіз мың үш жүз он бес) теңге бөлінсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов