"Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шiлдедегi Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қоса берiлiп отырған Биологиялық саналуандықты сақтауға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға гранттар беретiн халықаралық және мемлекеттiк ұйымдардың, үкiметтiк емес ұйымдар мен қорлардың тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2006 жылғы 31 қазандағы
N 1035 қаулысымен
бекiтiлген
Биологиялық саналуандықты сақтауға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға гранттар беретiн халықаралық және мемлекеттiк ұйымдардың, үкiметтік емес ұйымдар мен қорлардың тiзбесi
Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.04.27. N 587 Қаулысымен.
Халықаралық ұйымдар
1. Азия Даму Банкi (АДБ/АDВ)
2. Дүниежүзiлiк туристiк ұйым
3. Дүниежүзiлiк Тағы Табиғат Қоры (WWҒ)
4. Ғаламдық экологиялық қор (ҒЭҚ/GЕҒ)
5. Еуропа Қайта Құру және Даму Банкi (ЕКДБ/ЕВRD)
6. Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi (ХҚДБ/IВRD)
7. Халықаралық ауыл шаруашылығын дамыту қоры (IFAD)
8. Мәдениет және бiлiм саласындағы ынтымақтастық жөнiндегi ұйым (ЮНЕСКО/UNESKO)
9. Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Хатшылығы (БҰҰ/UN)
10. БҰҰ-ның азық-түлiк және ауыл шаруашылығы жөнiндегi ұйымы (ФАО/ҒАО)
11. БҰҰ-ның Даму бағдарламасы (БҰҰДБ/UNDР)
12. БҰҰ-ның Қоршаған орта жөнiндегi бағдарламасы (ЮНЕП/UNЕР)
13. ТМД елдерiне арналған Еуропа Одағының Техникалық көмек бағдарламасы ТАСИС бағдарламасы (ТАСIS)
Мемлекеттiк ұйымдар
1. Американ халықаралық даму жөнiндегi агенттiгi (ЮСАИД/USAID)
2. "British Council" Британ кеңесi (БК/ВС)
3. Герман техникалық ынтымақтастық жөнiндегi қоғамы (GTZ)
4. Дат халықаралық даму жөнiндегi агенттiгi (DANIDA)
5. Ұлыбритания халықаралық даму жөнiндегi департаментi (DFID)
Yкiметтiк емес ұйымдар мен қорлар
"Seimar Social Fund" корпоративтiк қоры
"Қазақстанның биологиялық саналуандығын сақтау қоры" корпоративтік қоры