Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.03.2022 № 150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Биологиялық саналуандықты сақтауға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен қорлардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы N 1035 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген биологиялық саналуандықты сақтауға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен қорлардың тізбесінде:
"Үкіметтік емес ұйымдар мен қорлар" деген бөлім мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстанның биологиялық саналуандығын сақтау қоры" корпоративтік қоры".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |