Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 7 сәуiрдегi N 257 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 қазандағы N 1013 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "Самұрық" мемлекеттiк активтердi басқару жөнiндегi қазақстандық холдингi" акционерлiк қоғамы Директорлар кеңесiнің құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 7 сәуiрдегi N 257  қаулысына  мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға қосымшада:
      "Жақсыбеков Әдiлбек Рыскелдiұлы - Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысы, төраға" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ричард Эванс - тәуелсiз директор, төраға".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi