Ескерту. Қаулының күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 қарашадағы N 1048 Қаулысымен.
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 28 қаңтардағы N 50 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 23 ақпандағы N 117 қаулысын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен қосымшаға сәйкес құрамда "Самұрық" мемлекеттiк активтердi басқару жөнiндегi қазақстандық холдингi" акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - "Самұрық" холдингi" АҚ) Директорлар кеңесiн сайлауды қамтамасыз етсiн;
2) бiр ай мерзiмде "Самұрық" холдингi" АҚ-ның тәуелсiз директоры лауазымына екiншi кандидатура бойынша ұсыныс енгiзсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 7 сәуiрдегi
N 257 қаулысына
қосымша
"Самұрық" мемлекеттiк активтердi басқару жөнiндегi
қазақстандық холдингi" акционерлiк қоғамының
Директорлар кеңесiнiң құрамы
Ричард Эванс - тәуелсiз директор, төраға
Сұлтанов - Қазақстан Республикасының Экономика және
Бақыт Тұрлыханұлы бюджеттік жоспарлау министрі
Жәмішев - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Болат Бидахметұлы
Мыңбаев - Қазақстан Республикасының Энергетика және
Сауат Мұхаметбайұлы минералдық ресурстар министрі
Бозымбаев - "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару
Қанат Алдабергенұлы жөніндегі қазақстандық холдингі"
акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
(келісім бойынша)
Павлов - "Самұрық" мемлекеттiк активтердi
Александр Сергеевич басқару жөнiндегi қазақстандық холдингi"
акционерлiк қоғамының тәуелсiз директоры
(келiсiмi бойынша)
Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.30
N 603 , 2006.10.20 N 1013 , 2006.12.06 N 1178 , 2007.03.27 N 233 ,
2007.09.24 N 829 , 2008.03.28 N 298 Қаулыларымен.