"2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы
Заңына
және "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiн пайдалану ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1405
қаулысына
сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiне өрт нәтижесiнде зардап шеккен Бесқарағай ауданының Беген орман шаруашылығы ауылындағы апаттың салдарын жоюға Шығыс Қазақстан облысының әкiмiне бөлу үшiн 2006 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен жалпы сомасы 250000000 (екi жүз елу миллион) теңге нысаналы трансферттер бөлiнсiн.
2. "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1228
қаулысына
мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
II "Шығындар" бөлiмiнде:
02 "Қорғаныс" функционалдық тобында "Төтенше жағдайлар жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру" iшкi функциясында 202 "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi" әкiмшiсi бойынша шығындар өрт нәтижесiнде зардап шеккен Бесқарағай ауданы Беген орман шаруашылығы ауылындағы апаттың салдарын жоюға 250000000 (екi жүз елу миллион) теңге сомасына ұлғайтылсын;
13 "Басқалар" функционалдық тобында, 09 "Басқалар" iшкi функциясында 217 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi" әкiмшiсi бойынша 010 "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервi" бағдарламасында 100 "Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердiң аумағындағы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң төтенше резервi" кiшi бағдарламасында шығындар 250000000 (екi жүз елу миллион) теңге сомасына азайтылсын.