Қазақстан Республикасының Yкiметi және Америка Құрама Штаттарының Үкiметi арасындағы Экономикалық даму жөнiндегi Қазақстан-Американ бағдарламасы бойынша өзара түсiнiстiк туралы меморандумды iске асыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 қазандағы N 960 Қаулысы

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының Үкiметi және Америка Құрама Штаттарының Үкiметi арасындағы Экономикалық даму жөнiндегi Қазақстан - Американ бағдарламасы бойынша өзара түсiнiстiк туралы меморандумды ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі экономикалық даму жөнiндегi Қазақстан - Американ бағдарламасын (бұдан әрi - Бағдарлама) әзiрлеу мен орындауды қадағалау, тиiмдiлiк индикаторларын және күтiлетiн нәтижелерiн әзiрлеу және кезеңдiк шолу процестерiне басшылық жасау, жыл сайынғы Іс-шаралар жоспарын (бұдан әрi - Бағдарламаны орындау жөнiндегi жоспар) дайындау, сондай-ақ Бағдарламаны орындау жөнiндегi есептi дайындауды бақылауды қамтамасыз ету үшiн Бағдарламаның үйлестiрушiсi болып тағайындалсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.08.31 № 851 Қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Сейдахметқызы Айтжановаға Бағдарламаны орындау жөніндегі жоспарды келісуге өкілеттік берілсін.
       Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.11.30 N 1155, өзгерту енгізілді - 2007.05.23 N 412, 2007.10.31 N 1016, 2010.08.31 № 851 қаулыларымен.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі