Қазақстан Республикасының Yкiметi және Америка Құрама Штаттарының Үкiметi арасындағы Экономикалық даму жөнiндегi Қазақстан-Американ бағдарламасы бойынша өзара түсiнiстiк туралы меморандумды iске асыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 қазандағы N 960 Қаулысы

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының Үкiметi және Америка Құрама Штаттарының Үкiметi арасындағы Экономикалық даму жөнiндегi Қазақстан - Американ бағдарламасы бойынша өзара түсiнiстiк туралы меморандумды ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шiлдедегi  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi экономикалық даму жөнiндегi Қазақстан - Американ бағдарламасын (бұдан әрi - Бағдарлама) әзiрлеу мен орындауды қадағалау, тиiмдiлiк индикаторларын және күтiлетiн нәтижелерiн әзiрлеу және кезеңдiк шолу процестерiне басшылық жасау, жыл сайынғы Іс-шаралар жоспарын (бұдан әрi - Бағдарламаны орындау жөнiндегi жоспар) дайындау, сондай-ақ Бағдарламаны орындау жөнiндегi есептi дайындауды бақылауды қамтамасыз ету үшiн Бағдарламаның үйлестiрушiсi болып тағайындалсын.
      2. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Аслан Есболайұлы Мусинге Бағдарламаны орындау жөніндегі жоспарды келісуге өкілеттік берілсін.
       Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.11.30. N  1155  қаулысымен.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі