"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы
Кодексiне
(Салық кодексi), "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне кәсiпкерлiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы
Заңына
сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI
:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
1) "Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн акциздiк маркалармен таңбалаудың тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 26 тамыздағы N 1251
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 42, 386-құжат):
тақырыбындағы және 1-тармақтағы "Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн" деген сөздер "Темекi бұйымдарын және құрамында темекi бар өзге де бұйымдарды" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн акциздiк маркалармен таңбалаудың тәртiбiнде:
тақырыбындағы және мәтiнiндегi "Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн", "Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiне", "акцизделетiн тауарларды", "акцизделетiн тауарлар" деген сөздер тиiсiнше "Темекi бұйымдарын және құрамында темекi бар өзге де бұйымдарды", "Темекi бұйымдарына", "темекi бұйымдарын", "темекi бұйымдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Темекi бұйымдары және құрамында темекi бар өзге де бұйымдар (бұдан әрi - темекi бұйымдары) акциздiк маркалармен таңбалануға тиiс.";
9-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) өзге де материалдан жасалған қорапта акциздiк марка қораптың артқы бетiнiң ортасында орналасуы тиiс (оң және сол шетiнен, алдыңғы және артқы қабырғадан бiрдей аралықта). Қорапты целлофанмен орау (eгep көзделген болса) қорапқа желiмделген акциздiк марканың үстiнен жүргiзiлуi тиiс.";
2) "Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн акциз таңбаларымен таңбалау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 8 тамыздағы N 792
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 32, 320-құжат):
тақырыбындағы және мәтiнiндегi "Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн" деген сөздер "Темекi бұйымдарын және құрамында темекi бар өзге де бұйымдарды" деген сөздермен ауыстырылсын;
мәтiнiндегi "Алкоголь өнiмдерi мен", "алкоголь өнiмдерiн және", "алкоголь өнiмдерi мен" деген сөздер алынып тасталсын;
7-тармақтағы "алкоголь өнiмдерi бойынша 2003 жылғы 10 тамыздағы және", "2001 жылғы үлгiдегi алкоголь өнiмдерiне акциз таңбаларының және" деген сөздер алынып тасталсын;
3) "Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 3 желтоқсандағы N 1254
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 48, 600-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Шарап материалдары мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнiмiн есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау ережесiнде: