Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 21 қыркүйектегi N 935 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 қыркүйектегі N 869 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiн оңайлатылған мемлекеттiк реттеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 21 қыркүйектегi N 935  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 35, 485-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiн оңайлатылған мемлекеттiк реттеу ережесiнде:

      3-тармақтағы "монополиялар субъектiлерiне" деген сөздерден кейiн "(қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектiлерiн қоса алғанда)" деген сөздермен толықтырылсын;

      4-тармақта:
      "сондай-ақ" деген сөз алынып тасталсын;
      "жаңа түрлерiне" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ, егер табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетілетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған қолданыстағы тарифтер объектiлер және (немесе) учаскелер бойынша бөлек бекiтiлсе, жаңа объектiлерге және (немесе) учаскелерге" деген сөздермен толықтырылсын;

      5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын;
      "3) құзыреттi орган - мемлекеттiк басқарудың тиiстi саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган, ал су шаруашылығы (және) немесе кәрiз жүйелерiнiң реттелiп көрсетілетiн қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) көрсететiн табиғи монополиялар субъектiлерi үшiн, сондай-ақ қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiлерi үшiн - жергiлiктi атқарушы органдар;";

      6-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Осы тармақтың 4) тармақшасының ережесi қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерiне қатысты қолданылмайды.";

      8-тармақта:
      "өзгерту" деген сөз "бекiту" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "(бағаларды, алымдар ставкаларын)" деген сөздерден кейiн "және тарифтiк сметаларды" деген сөздермен толықтырылсын;
      "екi тоқсанда" деген сөздер "он екi айда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10-тармақта:
      1) тармақшаның екiншi абзацы "субъектiсiнiң" деген сөзден кейiн "қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) реттелiп көрсетiлетiн түрлерi бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) уәкiлеттi орган белгілеген тәртiппен бекiткен, ал қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектiлерi үшiн техникалық және технологиялық нормаларды, ережелер мен стандарттарды айқындайтын нормативтiк кесiмдерге сәйкес есептелген және (немесе) қалыптастырылған:
      жылдық нормативтiк техникалық ысыраптар;
      құзыреттi органмен келiсiм бойынша табиғи монополиялар субъектiлерiнiң шикiзаты, материалдары, отыны, энергиясы шығысының жылдық техникалық және технологиялық нормалары;
      еңбек жөнiндегi уәкілеттi органмен келiсiм бойынша табиғи монополия субъектiсiнiң персоналы санының нормативтерi;";
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1) табиғи монополия субъектiсiнде елу және одан көп қызметкер болған жағдайда, статистика жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiткен нысан бойынша еңбек жөнiндегi есеп;";
      4) тармақшаның бiрiншi абзацындағы "және уәкiлеттi органмен келiсiлген" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "Осы тармақтың 1) тармақшасының екiншi және үшiншi абзацтарының және 6) және 7) тармақшаларының ережелерi қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектiлерiне қолданылмайды.
      Қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектiлерi құжаттарды осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларының талаптарына сәйкес бекiтусiз және (немесе) келiсусiз ұсынады.";

      15-тармақта:
      5) тармақшадағы "реттелiп көрсетiлетiн" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Осы тармақтың 5) тармақшасының талаптары қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектiлерiне қолданылмайды.";

      16-тармақтағы "45 күннiң iшiнде" деген сөздерден кейiн ", ал қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектiлерi үшiн 10 күннiң iшiнде" деген сөздермен толықтырылсын;

      26-тармақта:
      бiрiншi абзацтағы "тоқсанның" деген сөз "тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) бекiтiлетiн айдан кейiнгi екiншi айдың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiлерiнiң реттелiп көрсетілетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) қолданысқа енгiзу тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) бекiтiлетiн айдан кейiнгi айдың бiрiншi күнiнен бастап жүзеге асырылады.";

      27-тармақ "10 күннен кешiктiрмей" деген сөздерден кейiн ", ал қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектiлерi үшiн - олар қолданысқа енгізiлгенге дейiн үш күннен кешiктiрмей" деген сөздермен толықтырылсын;

      28-тармақтағы "екi тоқсаннан кейiн" деген сөздер "келесi айдың бiрiншi күнiнен бастап" деген сөздермен ауыстырылсын;

      29-тармақтағы "1-қосымшасына сай" деген сөздерден кейiн ", ал қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектiлерi үшiн 3-қосымшасына сай" деген сөздермен толықтырылсын;

      34-тармақта:
      бiрiншi абзацтағы "Субъект" деген сөз "Табиғи монополия субъектiсi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мемлекеттiк тiлдегi мәтiнде 5) тармақшадағы "көшiрмелерiн;" деген сөз "көшiрмелерiн бередi." деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) тармақша алынып тасталсын;
      екiншi абзацтағы "субъектiден" деген сөз "табиғи монополия субъектiсiнен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      38-тармақтағы "реттелетiн өнiмдердiң (қызметтердiң, тауарлардың, жұмыстардың) бiр бiрлiгiн шығаруға арналған шикiзат, материалдар, отын, энергия (бұдан әрi - материалдық ресурстар) шығыстарының нормаларына және (немесе) құзыреттi органда бекiтiлген және сараптамалық бағалаудан өткен материалдық ресурстардың жылдық нормаларына" деген сөздер "уәкілеттi орган құзыреттi органмен келiсiм бойынша бекiткен табиғи монополия субъектілерiнiң шикiзат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      41-тармақтағы "Тарифке" деген сөз "Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсiн қоспағанда, тарифке" деген сөздермен ауыстырылсын;

      42-тармақта:
      "құзыреттi" деген сөз "уәкiлеттi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "өз құзыретi шегiнде" деген сөздер алынып тасталсын;

      43-тармақтағы "Субъектiнiң" деген сөз "Табиғи монополия субъектiсiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;

      44-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Субъектінiң әкiмшiлiк персоналына жататын қызметкерлерге еңбекақы төлеу жүйесiн және олардың лауазымдарын құзыреттi орган айқындайды. Субъектiнiң әкiмшiлiк және өндiрiстiк персоналының нормативтiк санын уәкiлеттi орган өзi белгiлеген тәртiппен бекiтедi. Бұл ретте субъектiнiң әкiмшiлiк және өндiрiстiк персоналының нормативтiк саны, әкiмшiлiк персоналына жататын қызметкерлердiң лауазымдары, еңбекақы төлеу жүйесi еңбек жөнiндегi уәкілеттi мемлекеттік орган белгiлеген тәртiппен еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен немесе оның аумақтық органдарымен келiсiледi.";
      төртiншi абзацтағы "субъектiлердiң" деген сөз "табиғи монополия субъектілерiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;

      48-тармақ алынып тасталсын;

      50-тармақтың жетiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру ставкасы табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтi (бағаны, алым ставкасын) бекiтуге өтiнiм берген күнiне қолданылады.";

      59-тармақтың төртiншi абзацындағы "пайдалану үшiн" деген сөздерден кейiн "жалдау ақысын және/немесе" деген сөздермен толықтырылсын;

      78-тармақтағы "66" деген сандар "65" деген сандармен ауыстырылсын;
      осы қаулыға қосымшаға сәйкес көрсетiлген Ережеге 3-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің        
2006 жылғы 15 қыркүйектегі
N 869 қаулысына      
қосымша       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
2005 жылғы 21 қыркүйектегі    
N 935 қаулысымен бекітілген   
Табиғи монополиялар субъектілерінің
қызметін оңайлатылған       
мемлекеттік реттеу ережесіне   
3-қосымша             

      Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісінің атауы
____________________________________________________________________
Реттеліп көрсетілетін қызметке (тауарға, жұмысқа) арналған тарифтік смета
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

Р/с N

Көрсеткіштердің атауы*

Өлшем бірлігі

Табиғи монополия субъектісінің  жобасы

1

2

3

4

I

Тауарларды өндіруге және реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсетуге жұмсалатын шығындар, барлығы

мың теңге

  

  

оның ішінде:

  

  

1

Материалдық шығындар, барлығы

-//- 

  

  

оның ішінде:

-//-  

  

1.1

шикізат және материалдар

-//-  

  

1.2

отын

-//-  

  

2

Еңбекақы төлеу шығындары, барлығы

-//-  

  

  

оның ішінде:

  

  

2.1

жалақы

-//-  

  

2.2

әлеуметтік салық

-//-  

  

3

Амортизация

-//-  

  

4

Жөндеу, барлығы

-//-  

  

5

Бөгде ұйымдардың өндірістік сипаттағы қызметтері

мың теңге

  

6

Өзге де шығындар (толық жазу қажет)

-//-  

  

II

Кезең шығыстары,барлығы

-//-  

  

7

Жалпы әкімшілік шығыстар, барлығы

-//-  

  

  

оның ішінде:

  

  

7.1

әкімшілік персоналдың жалақысы

-//-  

  

7.2

әлеуметтік салық

-//-  

  

8

Сыйақылар төлеуге арналған шығыстар

-//-  

  

9

Нормативтік ысыраптарды өтеуге жұмсалатын шығындар, оның ішінде

мың теңге

  

9.1

нормативтік ысыраптар

%

  

  

  

III

Барлық шығын

мың теңге

  

IV

Пайда

мың теңге

  

V

Барлық кіріс

мың теңге

  

VI

Көрсетілетін қызметтердің көлемі

  

  

  

  

VII

Тариф (баға, алым ставкасы) (ҚҚС-сыз)

  

  

      * шығындар қажет болған кезде кеңейтілуі немесе толықтырылуы мүмкін.

      Қолы _______________________________________________________
                 табиғи монополия субъектісі басшысының Т.А.Ә.
      М.О.