Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 26 қарашадағы N 1237 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 805 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Жеке кәсiпкерлiк туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 26 қарашадағы N 1237  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 47, 586-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi туралы ережеде:

      11-тармақта:
      2) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) жеке кәсiпкерлiктi қолдаудың және дамытудың мемлекеттiк саясатын жүргiзудi әзiрлеу және жүзеге асыру, инвестицияларды тартуға және бәсекелестiктi қорғауға жәрдемдесу;";

      "10) жеке кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту әрi жеке сектордың инвестициялық белсендiлiгі саласындағы стратегиялық функциялар:
      шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк шараларын орындауды ұйымдастыру және үйлестiру;
      жеке сектордың инвестициялық белсендiлiгiн ынталандыру және Қазақстан Республикасындағы инвестициялық ахуалды жақсарту жөнiндегi мемлекеттiк саясатты iске асыруды әзiрлеу және үйлестiру;
      жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн қаржыландыру және оларға кредит беру жөнiндегі шараларды жетiлдiру туралы ұсыныстар әзiрлеу;
      кәсiпкерлiк ортаға, жеке кәсiпкерлiктi дамытудың инвестициялық ахуалына және инфрақұрылымына талдау жүргiзу;
      жеке кәсiпкерлiк қызметiнiң салаларында зерттеулер жүргiзудi ұйымдастыру;
      республика өңiрлерiнде шағын кәсiпкерлiк инфрақұрылымын қалыптастыруға және дамытуға ықпал ету;
      шағын кәсiпкерлiк саласында кадрлар даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiн қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      Қазақстан Республикасының жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң құқықтарын қорғауға бағытталған заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      жеке кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi орталық мемлекеттiк және жергілiктi атқарушы органдарды ведомствоаралық үйлестiрудi жүзеге асыру;
      инвестициялық мiндеттемелердiң орындалуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру жөнiнде шаралар әзiрлеу;
      инвестицияларды өзара қорғау және көтермелеу мәселелерi жөнiндегi халықаралық ынтымақтастықты дамыту бөлiгiндегi инвестициялық ахуалды жетiлдiру жөнiндегi мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiру, сондай-ақ инвестициялық преференцияларды беру үшiн қызметтiң басым түрлерiнiң тізбeciн айқындау;
      орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың жанындағы сараптамалық кеңестердiң қызметiн үйлестiру;
      инновациялық, инвестициялық және индустриялық дамытудың мемлекеттiк бағдарламаларын iске асыруда шағын кәсiпкерлiктiң қатысуы үшiн жағдай жасау;
      жеке кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту мәселелерiндегi инвесторлар, грант берушi халықаралық ұйымдар үшiн жағдай жасау;
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне әдiснамалық көмек ұйымдастыру;
      жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) халықаралық нарығына шығуы үшiн жағдай жасау;
      жеке кәсіпкерлiктi дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
      жеке кәсiпкерлiктi дамыту және қолдау жөнiндегi мемлекеттiк саясатты насихаттау;";

      12-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары жол беретiн жеке кәсiпкерлiк субъектiлерінiң қызметiн регламенттейтiн заңнамасының бұзылуы туралы ақпарат беруге;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі