Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.
"Жеке кәсiпкерлiк туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 26 қарашадағы N 1237 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 47, 586-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi туралы ережеде:
11-тармақта:
2) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"2) жеке кәсiпкерлiктi қолдаудың және дамытудың мемлекеттiк саясатын жүргiзудi әзiрлеу және жүзеге асыру, инвестицияларды тартуға және бәсекелестiктi қорғауға жәрдемдесу;";
"10) жеке кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту әрi жеке сектордың инвестициялық белсендiлiгі саласындағы стратегиялық функциялар:
шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк шараларын орындауды ұйымдастыру және үйлестiру;
жеке сектордың инвестициялық белсендiлiгiн ынталандыру және Қазақстан Республикасындағы инвестициялық ахуалды жақсарту жөнiндегi мемлекеттiк саясатты iске асыруды әзiрлеу және үйлестiру;
жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн қаржыландыру және оларға кредит беру жөнiндегі шараларды жетiлдiру туралы ұсыныстар әзiрлеу;
кәсiпкерлiк ортаға, жеке кәсiпкерлiктi дамытудың инвестициялық ахуалына және инфрақұрылымына талдау жүргiзу;
жеке кәсiпкерлiк қызметiнiң салаларында зерттеулер жүргiзудi ұйымдастыру;
республика өңiрлерiнде шағын кәсiпкерлiк инфрақұрылымын қалыптастыруға және дамытуға ықпал ету;
шағын кәсiпкерлiк саласында кадрлар даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiн қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
Қазақстан Республикасының жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң құқықтарын қорғауға бағытталған заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
жеке кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi орталық мемлекеттiк және жергілiктi атқарушы органдарды ведомствоаралық үйлестiрудi жүзеге асыру;
инвестициялық мiндеттемелердiң орындалуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру жөнiнде шаралар әзiрлеу;
инвестицияларды өзара қорғау және көтермелеу мәселелерi жөнiндегi халықаралық ынтымақтастықты дамыту бөлiгiндегi инвестициялық ахуалды жетiлдiру жөнiндегi мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiру, сондай-ақ инвестициялық преференцияларды беру үшiн қызметтiң басым түрлерiнiң тізбeciн айқындау;
орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың жанындағы сараптамалық кеңестердiң қызметiн үйлестiру;
инновациялық, инвестициялық және индустриялық дамытудың мемлекеттiк бағдарламаларын iске асыруда шағын кәсiпкерлiктiң қатысуы үшiн жағдай жасау;
жеке кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту мәселелерiндегi инвесторлар, грант берушi халықаралық ұйымдар үшiн жағдай жасау;
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне әдiснамалық көмек ұйымдастыру;
жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) халықаралық нарығына шығуы үшiн жағдай жасау;
жеке кәсіпкерлiктi дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
жеке кәсiпкерлiктi дамыту және қолдау жөнiндегi мемлекеттiк саясатты насихаттау;";
12-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары жол беретiн жеке кәсiпкерлiк субъектiлерінiң қызметiн регламенттейтiн заңнамасының бұзылуы туралы ақпарат беруге;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі