"Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiн Алматы қаласынан Астана қаласына көшiру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 14 наурыздағы N 159 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Агенттiктiң орталық аппаратының қызметкерлерiн екi кезеңде:
бiрiншi кезеңде 2006 жылдың аяғына дейiн Агенттiктiң орталық аппаратының саны 20 адам болатын қызметкерлерiн мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасау үшiн Алматы қаласынан Астана қаласына көшiру;
екiншi кезеңде 2007 жылдың екiншi тоқсанының аяғына дейiн Агенттiктiң орталық аппаратының саны 36 адам болатын қызметкерлерiн Алматы қаласынан Астана қаласына көшiру туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.
2. Агенттiктiң орталық аппаратының осы қаулыға сәйкес көшiрiлетiн қызметкерлерi осы елдi мекенде тұрғын үйi болмаған кезде Астана қаласында тұрғын үймен қамтамасыз етiледі және оларға мынадай өтемақылық төлемдер:
1) ұсынылған жол жүру құжаттарының негiзiнде қызметкерлердiң және олардың отбасы мүшелерiнiң жол жүру құны:
темiр жол бойынша - купе вагонның тарифi бойынша;
тас жол бойынша - сол жергiлiктi жердегi қолданыстағы құны бойынша;
2) темiр жол және автомобиль көлiгiмен (жалпы пайдаланымдағы) қызметкердiң өзiне 500 килограмға дейiнгi және оның отбасының әрбiр көшетiн мүшесiне 150 килограмға дейiнгi мүлiктi тасымалдау жөнiндегi шығыстар;
3) көшу сәтiндегi қолданыстағы заңнамада белгiленген мөлшерде жолда жүрген әрбiр күн үшiн тәулiктiк шығыстар;
4) әрбiр қызметкерге алты еселенген орташа айлық жалақы мөлшерiнде және оның көшетiн әрбiр отбасы мүшесiне үш еселенген орташа айлық жалақы мөлшерiнде бiр жолғы жәрдемақы берiледi деп белгiленсiн. Агенттiктiң орталық аппаратының бiрiншi және екiншi кезеңдерде көшiрiлетiн қызметкерлерiнiң орташа айлық жалақысы 2006 жылдың есебiнен есептелетiн болады.
Агенттiктiң орталық аппараты қызметкерлерiнiң осы қаулыға сәйкес өтемақы төленетiн отбасы мүшелерiне күйеуi, әйелi, сондай-ақ қызметкердiң өзiнiң асырауындағы және бiрге тұратын балалары мен ата-анасы жатқызылсын.
Агенттiктiң орталық аппараты қызметкерлерiнiң осы отбасы мүшелерiне жоғарыда көрсетiлген өтемақылар олар Астана қаласына қызметкердiң өзi көшкен қаржы жылы iшiнде көшкен кезде берiледi.
3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Агенттiктiң орталық аппаратын Астана қаласында орналастыру үшiн қызметтiк үй-жайлар бөлудi қамтамасыз етсін.
4.
алынып тасталды
Ескерту. 4-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.12.04. N
1167
қаулысымен.
5. Агенттiк Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiмен, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп, бiр ай мерзiмде белгiленген тәртiппен "Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң Ақпараттық-есептеу орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын Астана қаласына көшiру туралы ұсыныстар енгiзсiн.