Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiн Алматы қаласынан Астана қаласына көшiру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы N 159 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiн Алматы қаласынан Астана қаласына көшiру жөнiндегi iс-шаралар жоспары бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
      мiндетiн атқарушы

                                           Қазақстан Республикасы
                                                 Үкiметiнiң
                                          2006 жылғы 14 наурыздағы
                                               N 159 қаулысымен
                                                  бекiтiлген

           Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiн
             Алматы қаласынан Астана қаласына көшiру
                  жөнiндегi iс-шаралар жоспары

Р/с
N

Іс-шара

Аяқтау
нысаны

Жауапты
орын-
аушылар

Орындау
мерзiмi

Болжамды
шығыс-
тар,
мың
теңге

Қаржы-
лан-
дыру
көзi

1

2

3

4

5

6

7

1.

2006 жылға
арналған
республикалық
бюджеттен
Қазақстан
Республикасы
Статистика
агенттiгiн
Алматы қаласынан
Астана қаласына
көшiру жөнiндегi
іс-шараларды
жүргізуге
қосымша қаражат
бөлу жөнiнде
Республикалық
бюджет
комиссиясының
қарауына
ұсыныстар енгiзу

Қазақстан
Республи-
касының
Үкiметiне
ұсыныс

СА,
ЭБЖМ

2006
жылғы
наурыз

Талап
етiл-
мейдi


2.

"Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiн Алматы қаласынан
Астана қаласына
көшiру туралы"
Қазақстан
Республикасының
Үкiметi
қаулысының
жобасын әзiрлеу

ҚазақстанРеспубли-
касының
Үкiметi
қаулы-
сының
жобасы

СА

2006 жылғы
3-тоқсанiшiнде

Талап
етiл-
мейді


3.

Қазақстан Республикасы
Статистика агенттiгiнде Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiн Алматы қаласынан
Астана қаласына
көшiру жөнiнде
комиссия құру

СА-ның
бұйрығы

СА

2006
жылғы
наурыз

Талап
етiл-
мейдi


4.

Қазақстан Республикасы
Статистика агенттiгiн және Республикасының
"Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң
Ақпараттық есептеу орталығы"
республикалық мемлекеттiк
кәсiпорнын орналастыру
үшiн Астана қаласы
Министрлiктер үйiнiң
әкiмшiлiк ғимаратында
(жаңа орталық) үй-жай бөлу
мүмкiндiгiн қарастыру

Қазақстан
Республи-
касының
Үкiметiне
ұсыныс

ҚР ПIБ
(келiсiм
бойынша)

2006
жылғы
маусым

Талап
етiл-
мейдi


      Ескертпе:
      Қаржыландыру көлемi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттi қалыптастыру кезiнде нақтыланады.
      ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi
      СА - Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi
      ҚР ПIБ - Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс басқармасы.