Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 14 маусымдағы N 647 қаулысына толықтырулар мен өзгерiс енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 17 тамыздағы N 780 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы N 1251 Қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.08.27. N 1251 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарларын әзiрлеудiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 14 маусымдағы N 647  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 17, 190-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгiзiлсiн:

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарларын әзiрлеудiң ережесiнде:

      1-тармақтың бiрiншi абзацы "(бұдан әрi - орта мерзiмдi жоспарлар)," деген сөздерден кейiн "акционерi ұлттық холдинг болып табылатын ұлттық компанияларды (бұдан әрi - ұлттық компаниялар) қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      11-тармақтың 6) тармақшасы және 14-тармақтың он үшiншi абзацындағы "ұлттық компанияларды" деген сөздерден кейiн ", оның iшiнде акционерi ұлттық холдинг болып табылатын ұлттық компанияларды" деген сөздермен толықтырылсын;

      19-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрі