1. "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарларын әзiрлеудiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 14 маусымдағы N 647 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 17, 190-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарларын әзiрлеудiң ережесiнде:
1-тармақтың бiрiншi абзацы "(бұдан әрi - орта мерзiмдi жоспарлар)," деген сөздерден кейiн "акционерi ұлттық холдинг болып табылатын ұлттық компанияларды (бұдан әрi - ұлттық компаниялар) қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;