Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы N 778 Қаулысы

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.04.2013 № 333 қаулысымен.

      "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қоса берiлiп отырған Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу ережесi бекiтiлсiн.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.12.13 № 1347 Қаулысымен.

      2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасының
Үкiметiнің       
2006 жылғы 17 тамыздағы 
N 778 Қаулысымен    
бекітілген      

Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидалары

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.04.2013 № 333 қаулысымен.

      Ескерту. Тақырыпта және мәтін бойынша «кесімдерді», «кесімдерге», «кесімдердің», «кесімдері», «кесімдер», «кесімнің», «кесімді», «кесімдерін», «кесім», «кесімдерді», «кесімге», «кесімдеріне», «кесімде» деген сөздер тиісінше «актілерді», «актілерге», «актілердің», «актілері», «актілер», «актінің», «актіні», «актілерін», «акті», «актілерді», «актіге», «актілеріне», «актіде» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2010.12.13 № 1347 Қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нормативтiк құқықтық актілердi мемлекеттiк тiркеу қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар):
      1) Қазақстан Республикасының министрлерi мен орталық мемлекеттiк органдардың өзге де басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтарын, орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық қаулыларын, Орталық сайлау комиссиясының нормативтiк қаулыларын, мәслихаттардың нормативтiк құқықтық шешiмдерiн, сондай-ақ әкiмдiктердiң нормативтiк құқықтық қаулылары мен әкiмдердiң нормативтiк құқықтық шешiмдерiн (бұдан әрі – нормативтік құқықтық актілер) мемлекеттiк тiркеу мерзiмдерiн, мемлекеттік тіркеуге ұсыну тәртiбiн;
      2) мемлекеттiк тiркеуге ұсынылатын нормативтiк құқықтық актілерге қойылатын талаптарды;
      3) нормативтiк құқықтық актілердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiн жүргiзудi;
      4) нормативтiк құқықтық актілердi мемлекеттiк тiркеуден бас тарту тәртiбiн;
      5) тiркелген нормативтiк құқықтық актілердi қолданысқа енгiзудi;
      6) тiркелген нормативтiк құқықтық актілердiң қолданысын тоқтата тұрудың, тоқтатудың тәртiбiн айқындайды.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.04.2013 № 333 қаулысымен.

2. Нормативтiк құқықтық актілердi мемлекеттiк тiркеу

      2. «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 38-бабына сәйкес қолданыс мерзіміне (тұрақты немесе уақытша) қарамастан, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты Қазақстан Республикасының министрлері мен орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының, орталық мемлекеттік органдардың, Орталық сайлау комиссиясының (бұдан әрі - орталық органдар) нормативтік құқықтық актілері, мәслихаттардың, сондай-ақ, әкімдіктер мен әкімдердің (бұдан әрі - жергілікті органдар) нормативтік құқықтық актілері әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатады.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.04.2013 № 333 қаулысымен.
      3. Нормативтік құқықтық актінің Қағидалардың 2-тармағында белгіленген өлшемдерге сәйкестігін Әділет министрлігі мен оның аумақтық органдары айқындайды.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.04.2013 № 333 қаулысымен.
      4. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi мен оның аумақтық органдарының мемлекеттiк тiркеу қажеттiлiгi туралы мәселенi шешу үшiн сол немесе өзге актінi ұсыну туралы сауалдарын орталық және жергiлiктi органдар мұндай сауал келiп түскен сәттен бастап екi аптаның iшiнде орындайды.
      5. Орталық органдардың нормативтiк құқықтық актілерiн мемлекеттiк тiркеудi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi, жергiлiктi органдардың нормативтiк құқықтық актілерiн - аумақтық әдiлет органдары құжаттардың ұсынылған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн iшiнде жүзеге асырады.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.04.2013 № 333 қаулысымен.
      5-1. Жергілікті органдардың жергілікті бюджеттерді бекіту және нақтылау, әлеуметтік көмек көрсету мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуді аумақтық әділет органдары құжаттар ұсынылған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
      Ескерту. Ереже 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2010.12.13 № 1347 Қаулысымен.
      6. Нормативтiк құқықтық актінi мемлекеттiк тiркеу мыналарды қамтиды:
      1) заң сараптамасын:
      құқық нормасының болуы және мемлекеттiк тiркеудiң қажеттiлiгi мәнiне;
      актінiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуiне;
      2) орталық органның нормативтiк құқықтық актінi мемлекеттiк тiркеу туралы қорытындысын - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң немесе оның орынбасарының, жергiлiктi органының - аумақтық әдiлет органының басшысының бекiтуi;
      3) нормативтiк құқықтық актінi Нормативтiк құқықтық актілердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiне оған мемлекеттiк тiркеу нөмiрiн бере отырып енгiзу;
      4) негiзгi нормативтiк құқықтық актінiң бiрiншi парағының жоғарғы оң бұрышында нормативтiк құқықтық актінi мемлекеттiк тiркеу туралы мөртабан қою, сондай-ақ нормативтiк құқықтық актінi мемлекеттiк тiркеу туралы қорытындының бiрiншi парағының жоғарғы оң бұрышында Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң немесе оның аумақтық органының елтаңбалық мөрiн қою. Нормативтiк құқықтық актінi мемлекеттiк тiркеу туралы қорытындының және мөртабанның үлгiлiк нысанын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi бекiтедi;
      5) тiркелген нормативтiк құқықтық актілердi жiберу:
      бiр данасы (түпнұсқалары) нормативтiк құқықтық актінi ұсынған органға жiберiледi;
      екiншi және үшiншi даналары Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жiберiледi (осы тәртiп мемлекеттiк құпияны қамтитын нормативтiк құқықтық актілерге қолданылмайды);
      нормативтiк құқықтық актінiң төртiншi данасы Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде немесе оның аумақтық органдарында қалады.
      Нормативтiк құқықтық актінiң әрбiр жiберiлетiн данасына нормативтiк құқықтық актінi мемлекеттiк тiркеу туралы қорытынды қоса берiледi (егер нормативтiк құқықтық акті азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты болса, қорытындыда оны ресми жариялау қажеттiлiгi көрсетiледi).
      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 11.04.2013 № 333 қаулысымен.
      7. Мемлекеттiк тiркеуден өткен нормативтiк құқықтық актілерге енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар осы Қағидалармен белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркелуге тиiс.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.04.2013 № 333 қаулысымен.

3. Нормативтiк құқықтық актілердi мемлекеттiк тiркеуге
ұсыну тәртiбi

      8. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, осы орган басқармасының отырысында осы актілер қабылданған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күннің ішінде ұсынылатын нормативтік құқықтық актілерін қоспағанда, орталық және жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілері Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне немесе оның аумақтық органдарына бекітілген күнінен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде, елтаңбалық мөрмен расталған баспа және электрондық түрде немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түпнұсқасын (түпнұсқа мәтіндерін) қоса алғанда, төрт данада ұсынылады.
      Егер нормативтік құқықтық актіні екі және одан да көп мемлекеттік орган бірлескен акті түрінде қабылдаған жағдайда, әзірлеуші мемлекеттік орган нормативтік құқықтық актіні қабылдаған мемлекеттік органдар саны бойынша нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түпнұсқасын (түпнұсқа мәтіндерін) қосымша ұсынады.
      Нормативтік құқықтық акті мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген (бекітілген) жағдайда, нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркеуге мүдделі мемлекеттік органдардың соңғысы келіскен (бекіткен) күнінен бастап екі апта ішінде ұсынылады.
      Орталық немесе жергілікті органның бiрiншi басшысы болмаған жағдайда, оның мiндетiн атқаратын адам бекiткен нормативтiк құқықтық актінi ұсынған осы орган оған тиiстi мiндеттер жүктелгенi туралы құжаттың көшiрмесiн де ұсынуға тиiс.
      Тіркеуден бас тартылған нормативтiк құқықтық актінi мемлекеттiк тiркеуге қайта ұсынған жағдайда, ол тиiстi орталық немесе жергiлiктi органның қайта бекiтуiне жатады және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігіне немесе оның аумақтық органдарына осы тармақта белгiленген тәртiппен және мерзiмде ұсынылады.
      Бұл ретте, нормативтік құқықтық актіге ғылыми сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманың қайталама қорытындысының көшірмесі және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актіге қайталама сараптамалық қорытындының көшірмесі қоса беріледі.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.04.2013 № 333 қаулысымен.
      9. Нормативтiк құқықтық актіге Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі белгілеген нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде анықтама-негiздеме қоса берiледi және мыналарды:
      1) нормативтік құқықтық актіні ұсынған мемлекеттік органның атауын;
      2) нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сілтемемен нормативтік құқықтық актіні қабылдау негіздемесін (органның құзыреті);
      3) нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесін (нақты мақсаттар, дәлелдер және акті неге байланысты қабылданды);
      4) осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені немесе күші жойылды деп танылғаны туралы ұсыныстарды әзірлеу туралы мәліметтерді;
      5) осы Қағидалардың 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді;
      6) осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының ұлғаюын немесе түсімдердің қысқаруын көздейтіндігі;
      7) нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәліметтерді;
      8) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларын, интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау (тарату) туралы мәліметтерді;
      9) сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін) қамтуға тиіс.
      Қоса берiлетiн анықтама-негіздемеге осы актінi шығарған орган заң қызметiнің басшысы, ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын адам не осы актіні шығарған органның заң қызметi басшысын алмастыратын адам қол қояды.
      Бірлескен нормативтік құқықтық актіні ұсынған жағдайда қоса берілетін анықтама-негіздемеге оны мемлекеттік тіркеуге ұсынған орган заң қызметінің басшысы, ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын адам не осы актіні шығарған органның заң қызметi басшысын алмастыратын адам қол қояды.
      Мемлекеттік органда заң қызметі болмаған жағдайда, анықтама-негіздемеге осы нормативтік құқықтық актіні әзірлеген тиісті құрылымдық бөлімше басшысы, ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын адам қол қояды.
      Жергілікті органда заң қызметі болмаған жағдайда, анықтама-негіздемеге осы актіні мемлекеттік тіркеуге ұсынған органда заңгер функцияларын орындайтын адам не жергілікті органның бірінші басшысы, ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын адам қол қояды.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.04.2013 № 333 қаулысымен.

4. Мемлекеттiк тiркеуге ұсынылған нормативтiк құқықтық
актілерге қойылатын талаптар

      10. Мемлекеттiк тiркеуге ұсынылатын нормативтiк құқықтық акті мынадай талаптарға сәйкес келуi тиiс:
      1) нормативтiк құқықтық актінi қабылдау рәсiмiнiң сақталуына:
      алқа (сайланбалы) органы үшiн - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігі;
      орталық және жергiлiктi орган үшiн - бiрiншi басшының не ол болмаған жағдайда оның мiндетiн атқаратын адамның қолының болуы;
      2) қолданыстағы заңнамаға сәйкестiгi:
      Қазақстан Республикасының Конституциясына;
      Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзетiн заңдарға;
      Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар жарлықтарына;
      Қазақстан Республикасының кодекстерiне, заңдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар жарлықтарына;
      Қазақстан Республикасы Парламентiнiң нормативтiк қаулыларына;
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк жарлықтарына;
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтік қаулыларына;
      орталық және жергiлiктi органдардың нормативтік құқықтық актілерiне;
      3) егер келiсу қажет болса, нормативтiк құқықтық актінiң келiсiмiнiң болуы;
      4) нормативтiк құқықтық актінiң деректемелерiнiң болуы:
      5) негізгi нормативтiк құқықтық актіде оның қолданысқа енгiзiлу мерзiмiн қамтитын нормалардың болуы;
      6) нормативтiк құқықтық актінің құрылымына қойылатын талаптардың сақталуы;
      7) нормативтiк құқықтық акті мәнiнiң мазмұндалу стилiне қойылатын талаптардың сақталуы;
      8) егер нормативтiк құқықтық актінiң мәтiнiнде оларға сiлтеме жасалған жағдайларда қосымшалардың болуы;
      9) нормативтiк құқықтық актілердiң мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi, соның iшiнде қосымшалардағы мәтiндерiнiң де сәйкес келуi;
      10) нормативтiк құқықтық актінiң барлық парақтарына осы актінi қабылдаған (келiскен) органның заң қызметi басшысының, ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын адамның не заң қызметi басшысын алмастыратын адамның әрбір парағына қол қоюы жүргiзiледі.
      Мемлекеттік органда заң қызметі болмаған жағдайда әрбір параққа қол қоюды осы нормативтік құқықтық актіні әзірлеген тиісті құрылымдық бөлімшенің басшысы, ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын адам жүргізеді.
      Жергілікті органда заң қызметі болмаған жағдайда әрбір параққа қол қоюды осы органда заңгер функцияларын орындайтын адам не мемлекеттік органның бірінші басшысы, ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын адам жүргізеді;
      11) «Норма шығармашылығы қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 мамырдағы № 598 қаулысымен бекітілген Ғылыми сараптама жүргізу ережесіне сәйкес нормативтік құқықтық актіге сараптамалық қорытынды көшірмесінің болуы;
      12) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актіге сараптамалық қорытынды көшірмесінің болуы;
      13) жүргізілуі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тиісті сараптамалық қорытындылар көшірмесінің болуы.
      Нормативтік құқықтық актіні қабылдаған орган сараптамалық қорытындымен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама қорытындысымен келіспеген жағдайда ілеспе хатта сараптамалық қорытындымен және/немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама қорытындысымен келіспеу себептеріне дәлелді негіздеме келтіреді.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.12.13 № 1347; 11.04.2013 № 333 қаулыларымен.
      11. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.09.16 N 1067 Қаулысымен.
      12. Нормативтiк құқықтық актілердiң мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi мәтiндерiнiң сәйкес келуiн нормативтiк құқықтық актінi мемлекеттiк тiркеуге ұсынған орталық және жергiлiктi орган қамтамасыз етедi.

5. Нормативтік құқықтық актілердi мемлекеттік тіркеу
тізілімін жүргізу

      13. Нормативтiк құқықтық актілердi мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiн жүргiзудi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгі және оның аумақтық органдары жүзеге асырады.
      14. Тiзiлiмде мемлекеттік тiркеу күнi, берiлген мемлекеттік тіркеу нөмiрi, нормативтік құқықтық актінi мемлекеттiк тiркеуге ұсынған органның атауы, нормативтiк құқықтық актінiң күнi, нөмiрi және атауы, нормативтік құқықтық актінi ресми жариялау, нормативтік құқықтық актіге енгiзiлетін өзгерістер мен толықтырулар, нормативтік құқықтық актінiң қолданысын тоқтата тұру, тоқтату туралы мәлiметтер көрсетiледi.
      Нормативтiк құқықтық актілердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiн жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi белгiлейдi.
      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 21.10.2013 № 1124 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

6. Нормативтiк құқықтық актілердi мемлекеттiк тiркеуден бас тарту тәртiбi

      Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.04.2013 № 333 қаулысымен.

      15. Нормативтiк құқықтық актілердi мемлекеттiк тiркеуден, егер мұндай акті:
      1) азаматтардың заңнамада белгiленген құқықтары мен бостандықтарына қысым жасаса;
      2) жоғары деңгейде тұрған нормативтiк құқықтық актілерге қайшы келсе;
      3) оны шығарған органның құзыретi шегiнен шықса;
      4) егер келiсу қажет болған мүдделi органдармен келiсiлмесе;
      5) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғаса және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері ұсынған сараптамалық қорытындылар түрінде қосымшалары болмаса;
      6) осы Қағидаларда, сондай-ақ Нормативтiк құқықтық актілерді ресiмдеу және келiсу қағидаларында белгiленген тәртiп бұзыла отырып қабылданса, бас тартылады.
      Бас тарту туралы бас тартудың негiздері көрсетiле отырып, нормативтiк құқықтық актінi мемлекеттiк тiркеуге ұсынған органға жазбаша хабарланады.
      Мемлекеттiк тiркеуден бас тартқан жағдайда нормативтiк құқықтық актінiң бiр данасы (көшiрмесi) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде немесе оның аумақтық органында қалады.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.04.2013 № 333 қаулысымен.
      16. Нормативтік құқықтық акті мынадай талаптар сақталмаған жағдайда бір жұмыс күні ішінде әзірлеуші мемлекеттік органға қараусыз керi қайтарылады:
      1) нормативтік құқықтық актіде Заңның 17-бабында көрсетілген деректемелердің біреуінің болмауы;
      2) нормативтік құқықтық актіні елтаңбалық мөрмен расталған баспа және электрондық түрде немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түпнұсқасын (түпнұсқа мәтіндерін) қоса алғанда төрт данада ұсынбау;
      3) нормативтік құқықтық актіге мемлекеттік және орыс тілдеріндегі анықтама-негіздеменің қоса берілмеуі;
      4) қоса берілген анықтама-негіздеменің осы Қағидалардың 9-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі;
      5) нормативтік құқықтық актінің барлық парақтарына қол қою жүргізілмеуі;
      6) осы Қағидалардың 10-тармағының 11) тармақшасында көрсетілген нормативтік құқықтық актіге сараптамалық қорытынды көшірмесінің болмауы;
      7) бiрiншi басшы болмаған жағдайда оның мiндетiн атқаратын адамға тиiстi мiндеттер жүктелгенi туралы құжат көшiрмесiнің болмауы.
      Бұл жағдайда орталық немесе жергілікті орган анықталған бұзушылықтарды жояды және осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген мерзім сақталған кезде оны қайта бекітпей мемлекеттік тіркеуге қайта ұсынады.
      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.04.2013 № 333 қаулысымен.
      17. Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеуден бас тартуды алған күнінен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде орталық немесе жергілікті органның басшысы не ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын адам тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актінің күшін жою туралы тиісті акт шығарады және оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне немесе оның аумақтық органдарына жібереді.
      Бұл тәртіп алқалы түрде шешім қабылдайтын орталық органдарға және кезекті (кезектен тыс) отырыста немесе сессияда бекіткен күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде нормативтік құқықтық актінің күшін жою туралы актіні ұсынатын мәслихатқа қолданылмайды.
      Егер нормативтік құқықтық акт бірлескен актімен қабылданса және оны тіркеуден бас тартылса, нормативтік құқықтық актіні бірлесе отырып қабылдаған мемлекеттік органдардың басшылары не олар болмаған жағдайда олардың міндеттерін атқарушы адамдар нормативтік құқықтық актіні жою туралы бірлескен акті шығарады.
      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.04.2013 № 333 қаулысымен.
      17-1. Пысықтау мақсатында, әзірлеуші мемлекеттік орган өзінің бастамасы бойынша осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге ұсынылған нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеуден қайтаруы мүмкін.
      Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеуден қайтару әзірлеуші мемлекеттік орган хатының негізінде жүргізіледі.
      Мемлекеттік тіркеуге ұсынылған нормативтік құқықтық актіні қайтаратын әзірлеуші-мемлекеттік органның хаты әділет органдарына келіп түскеннен кейін, осы нормативтік құқықтық акт хаттың келіп түскен күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде әзірлеуші мемлекеттік органға тиісті хатпен қайтарылады.
      Хатты алған күнінен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде орталық немесе жергілікті органның басшысы не ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын адам мемлекеттік тіркеуден қайтарылған нормативтік құқықтық актінің күшін жою туралы тиісті акт шығарады және оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне немесе оның аумақтық органдарына жібереді.
      Ескерту. 6-тарау 17-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 11.04.2013 № 333 қаулысымен.

7. Нормативтiк құқықтық актілердi қолданысқа енгiзу

      18. Мемлекеттiк тiркеу Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде және оның аумақтық органдарында мемлекеттiк тiркелуге тиiс нормативтiк құқықтық актілердің күшіне енуі үшiн қажеттi шарт болып табылады.
      Тiркелмеген нормативтiк құқықтық актілердiң құқықтық күшi болмайды.
      Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.12.13 № 1347 Қаулысымен.
      19. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде және оның аумақтық органдарында мемлекеттiк тiркелуге тиiстi нормативтiк құқықтық актілер "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына сәйкес қолданысқа енгiзiледi.
      Жеке кәсiпкерлiктiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актінi қолданысқа енгiзу мерзiмдерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленетiн талаптарға байланысты қызметтi жүзеге асыруға дайындау үшiн жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне қажеттi мерзiмдерден көрiне отырып белгiленуге тиiс.
      Нормативтiк құқықтық актілердi қолданысқа енгiзу тәртiбi мен мерзiмдерi жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне нұқсан келтiрмеуге тиiс.
      20. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты нормативтiк құқықтық актілердi қолданысқа енгiзудiң мiндеттi шарты оларды ресми жариялау болып табылады.
      21. Нормативтiк құқықтық актінi ресми жариялау және жiберу кезiнде мемлекеттiк тiркеу нөмiрi мен күнiн көрсету мiндеттi болып табылады.
      Орталық және жергiлiктi органдардың нормативтiк құқықтық актілерiн ресми жариялау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

8. Тiркелген нормативтiк құқықтық актілердiң
қолданылуын тоқтата тұрудың және тоқтатудың тәртiбi

      22. Нормативтiк құқықтық актіні күшi жойылды деп таныған не оның қолданысын белгiлi бiр мерзiмге тоқтата тұрған кезде осы актінi қабылдаған орган немесе осыған уәкiлеттi орган бiр апта мерзiмде растайтын актінiң көшiрмесiн қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне немесе оның аумақтық органдарына және ресми жариялау көздеріне хабарлайды.
      Бірлескен нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды немесе тоқтатылды деп оларды бірлесе қабылдаған орталық немесе жергілікті органдар таниды.
      Бұл тәртіп өзге мемлекеттік органдармен келісім бойынша қабылданған актілерге де қолданылады.
      Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi немесе оның аумақтық органдары Нормативтiк құқықтық актілердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiне, Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актілерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне тиiстi жазбалар жасайды.
      Нормативтiк құқықтық актінiң немесе оның жекелеген нормаларының қолданылуын тоқтата тұру жекелеген нормативтiк құқықтық актімен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 22-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.12.13 № 1347; 21.10.2013 № 1124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      23. Нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құқығы берілген мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылған жағдайда, құқықтық мирасқорға нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құқығымен бірге өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді өзгерту, олардың қолданысын тоқтату және тоқтата тұру жөніндегі өкілеттіктер ауысады.
      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.09.16 N 1067 Қаулысымен.

Қазақстан Республикасының
Үкiметiнің       
2006 жылғы 17 тамыздағы 
N 778 қаулысына    
қосымша        

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi

      1. "Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiретiн де, кiрмейтiн де орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлерi мен жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының актiлерiн мемлекеттiк тiркеудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 12 желтоқсандағы N 1278 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1998 ж., N 48, 427-құжат);

      2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 12 желтоқсандағы N 1278 және 1999 жылғы 11 наурыздағы N 223 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 14 маусымдағы N 733 қаулысы;

      3. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 12 желтоқсандағы N 1278 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 24 қаңтардағы N 122 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 3, 46-құжат);

      4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 12 желтоқсандағы N 1278 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 11 наурыздағы N 341 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 10, 113-құжат);

      5. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 2 қазандағы N 1082 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 33, 355-құжат);

      6. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 қарашадағы N 1184 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 44, 484-құжат);

      7. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 12 желтоқсандағы N 1278 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 1 қазандағы N 1017 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 37, 485-құжат);

      8. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 14 ақпандағы N 99 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 5, 46-құжат).