1) (Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.06. N 1193 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен).
2) "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнiң жұмыс iстеуiнiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 13 желтоқсандағы N 1240
қаулысында
:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Адамдар, көлiк құралдары мен жүктер Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан өтетiн кезде оларды өткiзу пункттерiнде бақылауды жүргiзу тәртiбi туралы нұсқаулықта:
23-тармақта:
1) тармақшадағы "жүргiзушiлердiң еңбек ету және демалу режимiнiң есебiн тiркеу парағының," деген сөздерден кейiн "тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру және/немесе автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттарының," деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшадағы "рұқсат қағазы" деген сөздерден кейiн ", тасымалдаушының жолаушылар алдындағы және/немесе көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттары" деген сөздермен толықтырылсын.