Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң өрт қауiпсiздiгi мәселелерi бойынша кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 тамыздағы N 760 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне кәсiпкерлiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң өрт қауiпсiздiгi мәселелерi бойынша кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2006 жылғы 11 тамыздағы 
N 760 қаулысымен    
бекiтiлген       

  Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң өрт қауiпсiздiгi
мәселелерi бойынша кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн
өзгерiстер

      "Қазақстан Республикасының аумағындағы өрттер мен олардың зардаптары мемлекеттiк есебiнің ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 23 шілдедегi N 1053  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 38, 327-құжат):

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының аумағындағы өрттер мен олардың зардаптары мемлекеттiк есебiнiң ережесiнде:
      5-тармақтың бiрiншi абзацында "және қадағалау" деген сөздер алынып тасталсын;

      6-тармақтың екiншi абзацында "өрттен қадағалауды" деген сөздер "өрттi бақылауды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10-тармақтың бiрiншi абзацында:
      "жергілiктi мемлекеттiк өрт қадағалау органына" деген сөздер "мемлекеттiк өрттi бақылау органдарына" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. "Өрттердi сөндiруге байланысты шығындарды өтеудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 29 мамырдағы N 810  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 24, 287-құжат):

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Өрттердi сөндiруге байланысты шығындарды өтеудiң тәртiбiнде:
      мәтінде:
      "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi өртке қарсы мемлекеттiк қызметiнiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi өртке қарсы қызмет органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Өртке қарсы мемлекеттiк қызмет", "Өртке қарсы мемлекеттiк қызметтiң", "Өртке қарсы мемлекеттiк қызметiнiң", "Өртке қарсы мемлекеттiк қызметі", "Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет", "Мемлекеттiк өртке қарсы қызметiнiң" деген сөздер тиiсiнше "өртке қарсы қызмет органдары", "өртке қарсы қызмет органының", "өртке қарсы қызмет органы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. "Өрт-техникалық өнiмдерiн шығару ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 24 желтоқсандағы N 1359  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 46, 466-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Өрт-техникалық өнiмдерiн шығару ережесiнде:
      25-тармақта "қадағалауды" деген сөз "бақылауды" деген сөзбен ауыстырылсын.

      4. "Тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақы төленетiн өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 4 сәуiрдегi N 302  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2005 ж., N 14, 162-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақы төленетiн өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң тiзбесiнде:
      1-тармақта "және қадағалау" деген сөздер алынып тасталсын.