"Қазақстан Республикасының Жер кодексiне толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерiне құқық беру ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 1 тамыздағы
N 726 қаулысымен
бекiтiлген
Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерiне құқық беру ережесi
1. Осы Ереже (бұдан әрi - Ереже) жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерiне құқық берудiң тәртiбiн белгiлейдi.
2. Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерi Қазақстан Республикасының азаматтарына 0,10 гектар мөлшерiнде жеке меншiкке тегiн берiледi.
Көрсетiлген мақсат үшiн жер учаскелерiн қайтадан тегiн беруге рұқсат етiлмейдi.
3. Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жеке меншiкте бола алатын жер учаскелерiнiң шектi (ең көп) мөлшерi жергiлiктi жағдайлар мен ерекшелiктерге байланысты облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) өкiлдi және атқарушы органдарының бiрлескен шешiмдерiмен белгiленедi.
4. Оралмандарға жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерiн беру тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 9 шiлдедегi N 748 қаулысымен бекiтiлген Оралмандарға жеке тұрғын үй салу үшiн жер телiмдерiн беру ережесiмен реттеледi.
5. Шетелдiк азаматтарға және азаматтығы жоқ тұлғаларға жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерi жеке меншiкке ақы төлеу негiзiнде "Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2337 заң күшi бар Жарлығымен көзделген шектеулер ескерiле отырып берiледi.
РҚАО-ның ескертуі!
6-тармаққа 2010 жылғы 13 тамызда ҚР Үкіметінің 2007.04.30. N
N 352
(2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыcымен өзгерту енгізіледі.
6. Жер учаскесiн алу үшiн мүдделi адамдар жер учаскесiн беру туралы өтiнiшiн (қолдаухатын), сұралатын жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша осы Ереженiң 8-тармағында санамаланған тиiстi жергiлiктi атқарушы органдарға бередi.
Өтiнiште (қолдаухатта) жер учаскесiн пайдаланудың мақсаты; оның болжанатын мөлшерi; орналасқан жерi; сұралатын пайдалану құқығы көрсетiледi.
Өтiнiшке (қолдаухатқа) мыналар қоса берiледi:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
2) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiнiң көшiрмесi;
3)
алынып тасталды
4)
алынып тасталды
Өтiнiштi (қолдаухатты) қабылдау кезiнде осы Ережеде көзделмеген басқа құжаттар мен мәлiметтердi талап етуге тыйым салынады.
Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді
- ҚР Үкіметінің 2006.12.29 N
1323
(алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2008.06.26
N 621
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз) Қаулыларымен.
7. Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскесiн беру туралы өтiнiш (қолдаухат), оның түскен сәтiнен бастап екi айға дейiнгi мерзiмде қаралады.
8. Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскесiн беру туралы шешiмдi мыналар қабылдайды:
республикалық маңызы бар қала мен астананың шекарасы шегiнде - республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкiмдiгi;
облыстық маңызы бар қаланың шекарасы шегiнде - облыстық маңызы бар қаланың әкiмдiгi;
аудандық маңызы бар қаланың шекарасы шегiнде - аудандық маңызы бар қаланың әкiмi;
кент шекарасы шегiнде - кент әкiмi;
ауыл (село) шекарасы шегiнде - ауыл (село), ауылдық (селолық) округтiң әкiмi.
Жер учаскесiн беру немесе оны жеке тұрғын үй құрылысы үшiн беруден бас тарту туралы шешiмдi Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң
43-бабының
2-тармағына сәйкес құрылатын комиссия (бұдан әрi - комиссия) қорытындысы негiзiнде сұралатын жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмдерi қабылдайды.
Комиссия қорытындысын дайындау кезiнде республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органдары мен жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша сәулет және қала құрылысы жергiлiктi органдарының оны жеке тұрғын үй құрылысы үшiн пайдалану мүмкiндiгi туралы ұсыныстары ескерiледi.
8-1. Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн бөлiнген дайын алаңдар болған жағдайда республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмi жер учаскесiн беру туралы келiп түскен өтiнiштердiң (қолдаухаттардың) кезектiлiгi негiзiнде азаматтардың тiзiмiн қалыптастырады, соған сәйкес республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкiлеттi органынан Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң
44-бабының
8-тармағында көзделген мәліметтерді сұратады. Ұсынылған мәліметтер комиссияның қарауы үшін азаматтың өтiнiшiне (қолдаухатына) қоса тiркеледi.
Ескерту. 8-1-тармақпен толықтырылды
- ҚР Үкіметінің 2006.12.29 N
1323
(алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), өзгерту енгізілді - 2008.06.26
N 621
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз) Қаулыларымен.
9. Жер учаскесiн бөлiп беру үшiн алаңдар болмаған жағдайда комиссия жалпы тiзiмдегi кезек нөмiрiн көрсете отырып, жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскесiн беру туралы өтiнiштi (қолдаухатты) арнайы есепке қою туралы қорытынды бередi. Тиiстi хабарлама комиссия қорытындысы берiлген сәттен бастап жетi күн мерзiмде өтiнiш берушiге жiберiледi.
10. Осы Ереженiң 9-тармағында көрсетiлген комиссия қорытындысының негiзiнде жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскесiн беру туралы өтiнiштi (қолдаухатты) республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдары, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмдерi арнайы есепке алады және комиссия қайтадан қарамай бөлiп беруге арналған алаңдардың дайындалуына қарай қанағаттандырылады.
Бұл ретте жер учаскесін тегін негізде берген жағдайда азаматтар құқықтарын мемлекет жеке тұрғын үй құрылысы үшін берген жер учаскелерінің болуы немесе болмауы ескеріледі, олар туралы мәліметтерді республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті орган ұсынады.
Жерді бөліп беру үшін алаңдарды дайындау туралы ақпарат және жер учаскесін алуға арналған кезек тізімдері ашық болып табылады, оларға қол жетімділікті республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімдері тоқсанына кемінде бір рет оларды арнайы ақпараттық стендтерде орналастыру және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялау арқылы қамтамасыз етуге міндетті.
Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді
- ҚР Үкіметінің 2008.06.26
N 621
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз) Қаулысымен.
11. Жер учаскесiне құқық беруден бас тарту Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 84-бабына сәйкес мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн жер учаскелерiн алып қою жағдайларын қоспағанда, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiнiң шешiмiмен ресiмделедi және дәлелденуi, ал көшiрмесi шешiм қабылданғаннан кейiн жетi күн мерзiмде өтiнiш берушiге тапсырылуға тиiс.
12. Жергiлiктi атқарушы органның жер учаскелерiне тиiстi құқықты беру туралы шешiмi өтiнiш берушiге шешiм қабылданған сәттен бастап жетi күн мерзiмде жер учаскесiне жеке меншiк құқығын беру туралы шешiмнiң көшiрмесiн бере отырып, жерге орналастыру жобасы негiзiнде қабылданады.
Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн бөлiп беруге арналған алаңға жер учаскелерiн орналастырудың жерге орналастыру жобасы (схемасы) болған кезде әрбiр жер учаскесiне жерге орналастыру жобасын жасау талап етiлмейдi.
13. Жер учаскесiн жеке меншiкке беру туралы шешiм қабылданғаннан кейiн жер учаскесiне жеке меншiк құқығына арналған актiнi дайындау және беру жүзеге асырылады, олар жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскесi берiлген адамның республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органға өтiнiш беру сәтiнен бастап өтiнiшке жер учаскесiн беру туралы тиiстi шешiмнiң көшiрмесiн қоса бере отырып бiр ай iшiнде жүргiзiледi.
14. Жер учаскесiнiң шекараларын белгiлеу жөнiндегi жерге орналастыру жұмыстары және жер учаскесiне жеке меншiк құқығына арналған актiнi дайындау жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскесi берiлген адамның қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
15. Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн бөлiп беруге арналған алаңдар бекiтiлген басты жоспарларға, егжей-тегжейлi жоспарлау жобаларына, құрылыс ережелерi мен елдi мекендер аумағының жер-шаруашылық құрылысының жобаларына сәйкес массивтермен бөлiнуге тиiс.