Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 1 тамыздағы N 726 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы N 1323 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1034 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.12.2015 № 1034 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. "Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерiне құқық беру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 1 тамыздағы N 726 қаулысына мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерiне құқық беру ережесiнде:
      6-тармақтың үшiншi абзацының 3), 4) тармақшалары және төртiншi абзацы алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
      "8-1. Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн бөлiнген дайын алаңдар болған жағдайда республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмi жер учаскесiн беру туралы келiп түскен өтiнiштердiң (қолдаухаттардың) кезектiлiгi негiзiнде азаматтардың тiзiмiн қалыптастырады, соған сәйкес республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкiлеттi органынан және жылжымайтын мүлiктi тiркеудi жүзеге асыратын органнан Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң  44-бабының 8-тармағында көзделген анықтамаларды сұратады. Ұсынылған анықтамалар комиссияның қарауы үшін азаматтың өтiнiшiне (қолдаухатына) қоса тiркеледi.".

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      мiндетiн атқарушы