Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 шілдедегі N 712 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      1) "Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 30 қарашадағы N 1274  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 43, 434-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарында:
      реттiк нөмiрi 22-жолдың 5-бағанындағы "2006 жыл" деген сөздер "2007 жылғы 1-тоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң жобалау жұмыстарының 2006 - 2007 жылдарға арналған перспективалық жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 3 тамыздағы N 824  қаулысында :
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң жобалау жұмыстарының 2006 - 2007 жылдарға арналған перспективалық жоспарында:
      реттiк нөмiрi 36-2-жолдағы "2006 жылғы 4-тоқсан" деген сөздер "2007 жылғы 1-тоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) "Қазақстан Республикасының Үкiметi заң жобалау жұмыстарының 2006 жылға арналған жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 9 ақпандағы N 94  қаулысында :
      көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкiметi заң жобалау жұмыстарының 2006 жылға арналған жоспарында:
      реттiк нөмiрi 56-жол алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі