Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң "Республикалық ана мен бала денсаулығын сақтау ғылыми-зерттеу орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 шілдедегі N 708 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң "Республикалық ана мен бала денсаулығын сақтау ғылыми-зерттеу орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Акушерлiк, гинекология және перинатология ғылыми орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - кәсiпорын) болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн.

      3. Кәсiпорын қызметiнiң негізгi мәні денсаулық сақтау мен ғылым саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру болып белгiленсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне кәсiпорынның жарғысын бекітуге ұсынсын;
      2) кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi" деген бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 9-22-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"9-22. "Акушерлiк, гинекология
       және перинатология ғылыми орталығы"
       республикалық мемлекеттiк кәсiпорны
       (шаруашылық жүргiзу құқығында)             Алматы қаласы";

      2) "Республикада медициналық бiлiм берудi одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 28 қыркүйектегi N 1469  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 48, 450-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жоғары медициналық бiлiм беру ұйымдарының клиникалық базасы болып табылатын ауруханалардың, емханалар мен дәрiгерлiк амбулаториялардың тiзбесiнде:      
      "Алматы мемлекеттiк дәрiгерлер бiлiмiн жетiлдiру институтының Клиникалық базалары" деген бөлiмде:
      "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Республикалық ана мен бала денсаулығын қорғау ғылыми-зерттеу орталығы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Акушерлiк, гинекология және перинатология ғылыми орталығы";

      3) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1117  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 41, 529-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
      "1. Мемлекеттiк кәсiпорындар" деген бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 21-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "21. Акушерлiк, гинекология және перинатология ғылыми орталығы".

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі