Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң "Республикалық ана мен бала денсаулығын сақтау ғылыми-зерттеу орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 шілдедегі N 708 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң "Республикалық ана мен бала денсаулығын сақтау ғылыми-зерттеу орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Акушерлiк, гинекология және перинатология ғылыми орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - кәсiпорын) болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн.
      3. Кәсiпорын қызметiнiң негізгi мәні денсаулық сақтау мен ғылым саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру болып белгiленсiн.
      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне кәсiпорынның жарғысын бекітуге ұсынсын;
      2) кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi" деген бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 9-22-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"9-22. "Акушерлiк, гинекология
       және перинатология ғылыми орталығы"
       республикалық мемлекеттiк кәсiпорны
      (шаруашылық жүргiзу құқығында)             Алматы қаласы";
      2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.03.02 № 157 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Қаулысымен.
      3) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1117 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 41, 529-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
      "1. Мемлекеттiк кәсiпорындар" деген бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 21-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "21. Акушерлiк, гинекология және перинатология ғылыми орталығы".
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі