Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI
:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi Ақпарат және мұрағат комитетiнiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - мекеме) құрылсын.
2. Орталық заң шығару, атқарушы, сот органдарының, ұлттық компаниялар мен өзге де республикалық ұйымдардың қызметiнде жасалған, жеткiзгiштердiң барлық түрлерiндегi құжаттарды толықтыру, сақтау және пайдалану жөнiндегi жұмыстарды қамтамасыз ету, Мемлекеттiк органдардың электронды мұрағаттар жүйесiн (МО ЭМЖ) пайдалану мекеме қызметiнiң негiзгi мәнi болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитетi заңнамада белгіленген тәртiппен:
1) мекеменiң жарғысын бекiтудi және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Мекеменi қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiне көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 29 қазандағы N 1130
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., N 42, 538-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi Ақпарат және мұрағат комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
"Мұрағат iсi саласындағы ұйымдар" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 14-2-жолмен толықтырылсын:
"14-2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi Ақпарат және мұрағат комитетiнiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты" ММ";
2) "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2005 жылғы 5 наурыздағы N 214
қаулысында
:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерi штат санының лимиттерiнде:
"Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi" деген 7-бөлiмде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi";
"Ұлттық археография және мәлiметтану орталығы 22"
деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты 70";
"Спорт iстерi комитетi" деген кiшi бөлiм алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 14-бөлiммен толықтырылсын:
"14. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi
Спорт комитетi
Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат 191
Кәркен Ахметов атындағы спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат 248
Риддер қаласындағы спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат 112".