Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi Ақпарат және мұрағат комитетiнiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты" мемлекеттiк мекемесiн құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 19 шілдедегі N 692 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi Ақпарат және мұрағат комитетiнiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - мекеме) құрылсын.

      2. Орталық заң шығару, атқарушы, сот органдарының, ұлттық компаниялар мен өзге де республикалық ұйымдардың қызметiнде жасалған, жеткiзгiштердiң барлық түрлерiндегi құжаттарды толықтыру, сақтау және пайдалану жөнiндегi жұмыстарды қамтамасыз ету, Мемлекеттiк органдардың электронды мұрағаттар жүйесiн (МО ЭМЖ) пайдалану мекеме қызметiнiң негiзгi мәнi болып белгiленсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитетi заңнамада белгіленген тәртiппен:
      1) мекеменiң жарғысын бекiтудi және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Мекеменi қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiне көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.

      5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1003 қаулысымен;

      2) (күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.15  N 339 Қаулысымен).
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1003 қаулысымен.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі