Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметiн дамыту және осы саладағы мемлекеттiк нормативтер жүйесiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Құрылысты жобалық қамтамасыз ету және сәулет, қала құрылысы, құрылыс қызметi мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттiк нормативтер жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi 2006 - 2008 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Жоспар) бекiтiлсiн.
2. Орталық атқарушы органдар Жоспар iс-шараларының уақтылы орындалуын қамтамасыз етсiн және жыл сайын 10 қаңтарға және 10 шiлдеге дейiн Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiне оның орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi жыл сайын 20 қаңтарға және 20 шiлдеге дейiн Қазақстан Республикасының Үкiметiн Жоспардың орындалу барысы туралы хабардар етсiн.
4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.06.2015 № 479 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2) "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған (екiншi кезең) орта мерзiмдi жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 26 тамыздағы N 884 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2005 ж., N 33, 458-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған (екiншi кезең) орта мерзiмдi жоспарында:
"2006-2008 жылдарға арналған қолданыстағы және әзiрленетiн мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламалардың тiзбесi" деген 4-бөлiмде:
реттiк нөмiрi 72-жол алынып тасталсын.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.06.2015 № 479 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
5. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 16 маусымдағы
N 557 қаулысымен
бекітілген
Құрылысты жобалық қамтамасыз ету және сәулет, қала
құрылысы, құрылыс қызметі мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
саласында мемлекеттік нормативтер жүйесін одан әрі
жетілдіру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған
іс-шаралар жоспары
Ескерту. Жоспарға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің
2007.03.11 N 187, 2008.03.01 N 208 Қаулыларымен.
Р/с N |
Іс-шара | Аяқтау нысаны | Орындауға жауаптылар | Орындау мерзімі | Болжамды шығыстар, млн. теңге | Қаржы- ландыру көзі |
---|---|---|---|---|---|---|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1. Жобалауды және құрылысты нормативтік-техникалық қамтамасыз етуді жетілдіруді мемлекеттік қолдау |
||||||
1 |
Әзірленетін |
Қазақстан |
ИСМ |
2006 |
Талап |
|
2 |
Экономиканың база- |
Қазақстан |
ИСМ |
Жыл |
Талап |
|
3 |
Қазақстан Респуб- |
Қазақстан |
ИСМ |
2007 |
Талап |
|
4 |
Құрылыс саласында |
Бекітілген |
ИСМ |
Жыл |
Талап |
|
5 |
ИСМ ҚжТКШІК-пен |
ИСМ |
ИСМ |
Жыл |
Талап |
|
6 |
Қазақстан Респуб- |
Қазақстан |
ИСМ |
2007 |
Талап |
|
7 |
Лицензиялау туралы |
Қазақстан |
ИСМ |
2006 |
Талап |
|
8 |
"Әкімшілік құқық |
Қазақстан |
ИСМ |
2006 |
Талап |
|
9 |
Мемлекеттік сатып |
Қазақстан |
ИСМ |
2006 |
Талап |
|
2. Объектілер мен кешендерді жобалаудың және салудың сапасын бақылауды күшейту, ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарының өндірістік әлеуетін арттыру |
||||||
10 |
Сәулет, қала құры- |
Қазақстан |
ИСМ |
2006 |
Талап |
|
11 |
Құрылыс және сәу- |
ИСМ-ге |
БҒМ |
2006 |
Талап |
|
12 |
Құрылыс саласында |
Норматив- |
ИСМ |
Жыл |
67,70 |
Рес- |
13 |
Жобалау жұмыстарын |
Мониторинг |
ИСМ |
Жыл |
Талап |
|
3. Құрылыс пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жобалаудың және оны нормативтік-техникалық қамтамасыз етудің заңнамалық базасын жетілдіру |
||||||
14 |
Білім беру, ден- |
ИСМ |
ИСМ |
Жыл |
1070,02 |
Рес- |
15 |
Сәулет, қала |
Норматив- |
ИСМ |
Жыл |
278,86 |
Рес- |
16 |
ТМД елдерімен |
Норматив- |
ИСМ |
Жыл |
Талап |
|
17 |
Сәулет, қала құры- |
Қазақстан |
ИСМ |
Жыл |
Талап |
|
18 |
Қағаз және элект- |
Норматив- |
ИСМ |
Жыл |
Талап |
|
19 |
Қазақстан Респуб- |
ТМД-ның |
ИСМ |
2006 |
Талап етіл- |
|
19- |
Қазақстан |
Норматив- |
ИСМ |
2008 |
29,97 |
Рес- |
20 |
жиыны |
1446,55 |
Ескерту:
* сомалар Республикалық бюджет комиссиясының шешімдеріне сәйкес жыл сайын нақтыланатын болады;
аббревиатуралардың толық жазылуы:
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ТЖМ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
ИСМ ҚжТКШІК - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті
"Мемсараптама" РМК - "Мемсараптама" жобалардың мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамасы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2006 жылғы 16 наурыздағы
N 557 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi
1. "Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметiн дамыту жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 28 қарашадағы N 1778 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 51, 582-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және олардың күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 қазандағы N 1369 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 22-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 36-37, 478-құжат).
3. "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетiнiң "Сәулет-қала құрылысы қызметiн лицензиялайтын мемлекеттiк орталық (Мемқұрылыслицензия)" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 26 қаңтардағы N 127 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 5, 34-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 28 қарашадағы N 1778 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 17 мамырдағы N 534 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 14, 147-құжат).
5. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 20 мамырдағы N 462 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 20, 208-құжат).
6. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 28 қарашадағы N 1778 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 27 тамыздағы N 907 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 31, 427-құжат).