Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметiн дамыту және осы саладағы мемлекеттiк нормативтер жүйесiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Құрылысты жобалық қамтамасыз ету және сәулет, қала құрылысы, құрылыс қызметi мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттiк нормативтер жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi 2006 - 2008 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Жоспар) бекiтiлсiн.
2. Орталық атқарушы органдар Жоспар iс-шараларының уақтылы орындалуын қамтамасыз етсiн және жыл сайын 10 қаңтарға және 10 шiлдеге дейiн Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiне оның орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi жыл сайын 20 қаңтарға және 20 шiлдеге дейiн Қазақстан Республикасының Үкiметiн Жоспардың орындалу барысы туралы хабардар етсiн.
4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Алдын ала жобалау құжаттамасының жекелеген түрлерi, сондай-ақ жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы бойынша сараптама жүргiзу ережесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 19 тамыздағы N 918
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 27, 304-құжат):
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Қаржыландыру көздерiне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негiздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргiзу, сондай-ақ мемлекеттiк инвестициялар есебiнен салынып жатқан жобаларды бекiту ережесi туралы";
1-тармақтағы "Алдын ала жобалау құжаттамасының жекелеген түрлерi, сондай-ақ жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы бойынша сараптама жүргiзу ережесi" деген сөздер "Қаржыландыру көздерiне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негiздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргiзу, сондай-ақ мемлекеттiк инвестициялар есебiнен салынып жатқан жобаларды бекiту ережесi" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Алдын ала жобалау құжаттамасының жекелеген түрлерi, сондай-ақ жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы бойынша сараптама жүргiзу ережесiнде:
тақырыбындағы және 1-тармақтағы "Алдын ала жобалау құжаттамасының жекелеген түрлерi, сондай-ақ жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы бойынша сараптама жүргiзу" деген сөздер "Қаржыландыру көздерiне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негiздемелер), жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттiк инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекiту" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-бөлiммен толықтырылсын:
"3-1. Мемлекеттiк инвестициялар есебiнен салынып жатқан жобаларды бекiтудiң жалпы тәртiбi
24-1. Мемлекеттiк сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейiн Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне сәйкес толық немесе iшiнара мемлекеттiк инвестициялар есебiнен қаржыландырылатын объектiлер мен кешендердiң құрылысына арналған жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының сметалық құны:
1) ағымдағы бағамен 500000 (бес жүз мың) айлық есептiк көрсеткiшке дейiн - мемлекеттiк органдар - бағдарламалар әкiмшiлерi бекiтуге не олар белгiлейтiн тәртiппен бекiтiлуге тиiс;
2) ағымдағы бағамен 500000 (бес жүз мың) айлық есептiк көрсеткiштен бастап және одан жоғарылары - сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтуге тиiс.
24-2. Жобалау алдындағы құжаттаманы бекiту бағдарлама әкiмшiсi (тапсырысшы) ұсынған:
1) жобалау алдындағы құжаттама материалдары;
2) мемлекеттiк сараптаманың қорытындылары негiзiнде жүзеге асырылады.
24-3. Жобаларды бекiту бағдарлама әкiмшiсi (тапсырысшы) ұсынған:
1) жобаға түсiндiрме жазба;
2) жобалау-сметалық құжаттама;
3) мемлекеттiк сараптаманың қорытындылары негiзiнде жүргiзiледi.";
Ережеге қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы және тақырыбындағы "Алдын ала жобалау құжаттамасының жекелеген түрлерi, сондай-ақ жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы бойынша сараптама жүргiзу" деген сөздер "Қаржыландыру көздерiне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негiздемелер), жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргiзу, сондай-ақ мемлекеттiк инвестициялар есебiнен салынып жатқан жобаларды бекiту" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған (екiншi кезең) орта мерзiмдi жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 26 тамыздағы N 884
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2005 ж., N 33, 458-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған (екiншi кезең) орта мерзiмдi жоспарында:
"2006-2008 жылдарға арналған қолданыстағы және әзiрленетiн мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламалардың тiзбесi" деген 4-бөлiмде:
реттiк нөмiрi 72-жол алынып тасталсын.
5. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 16 маусымдағы
N 557 қаулысымен
бекітілген
Құрылысты жобалық қамтамасыз ету және сәулет, қала
құрылысы, құрылыс қызметі мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
саласында мемлекеттік нормативтер жүйесін одан әрі
жетілдіру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған
іс-шаралар жоспары
Ескерту. Жоспарға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.03.11. N 187 қаулысымен.
Р/с
|
Іс-шара |
Аяқтау нысаны |
Орын-
|
Орын-
|
Бол-
|
Қар-
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1. Жобалауды және құрылысты
нормативтік-техникалық
|
||||||
1 |
Әзірленетін
|
Қазақстан
|
ИСМ |
2006
|
Талап
|
|
2 |
Экономиканың база-
|
Қазақстан
|
ИСМ
|
Жыл
|
Талап
|
|
3 |
Қазақстан Респуб-
|
Қазақстан
|
ИСМ |
2007
|
Талап
|
|
4 |
Құрылыс саласында
|
Бекітілген
|
ИСМ |
Жыл
|
Талап
|
|
5 |
ИСМ ҚжТКШІК-пен
|
ИСМ
|
ИСМ
|
Жыл
|
Талап
|
|
6 |
Қазақстан Респуб-
|
Қазақстан
|
ИСМ |
2007
|
Талап
|
|
7 |
Лицензиялау туралы
|
Қазақстан
|
ИСМ
|
2006
|
Талап
|
|
8 |
"Әкімшілік құқық
|
Қазақстан
|
ИСМ
|
2006
|
Талап
|
|
9 |
Мемлекеттік сатып
|
Қазақстан
|
ИСМ
|
2006
|
Талап
|
|
2. Объектілер мен кешендерді жобалаудың және салудың сапасын
|
||||||
10 |
Сәулет, қала құры-
|
Қазақстан
|
ИСМ
|
2006
|
Талап
|
|
11 |
Құрылыс және сәу-
|
ИСМ-ге
|
БҒМ
|
2006
|
Талап
|
|
12 |
Құрылыс саласында
|
Норматив-
|
ИСМ |
Жыл
|
67,70
|
Рес-
|
13 |
Жобалау жұмыстарын
|
Мониторинг
|
ИСМ
|
Жыл
|
Талап
|
|
3. Құрылыс пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты
|
||||||
14 |
Білім беру, ден-
|
ИСМ
|
ИСМ |
Жыл
|
422,48
|
Рес-
|
15 |
Сәулет, қала
|
Норматив-
|
ИСМ |
Жыл
|
299,16
|
Рес-
|
16 |
ТМД елдерімен
|
Норматив-
|
ИСМ |
Жыл
|
4,0
|
|
17 |
Сәулет, қала құры-
|
Қазақстан
|
ИСМ |
Жыл
|
Талап
|
|
18 |
Қағаз және элект-
|
Норматив-
|
ИСМ |
Жыл
|
Талап
|
|
19 |
Қазақстан Респуб-
|
ТМД-ның
|
ИСМ
|
2006
|
Талап етіл-
|
|
20 |
жиыны |
|
|
|
793,34
|
|
Ескерту:
* сомалар Республикалық бюджет комиссиясының шешімдеріне сәйкес жыл сайын нақтыланатын болады;
аббревиатуралардың толық жазылуы:
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ТЖМ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
ИСМ ҚжТКШІК - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті
"Мемсараптама" РМК - "Мемсараптама" жобалардың мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамасы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2006 жылғы 16 наурыздағы
N 557 қаулысына
қосымша
1. "Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметiн дамыту жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 28 қарашадағы N 1778 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 51, 582-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және олардың күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 қазандағы N 1369 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 22-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 36-37, 478-құжат).
3. "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетiнiң "Сәулет-қала құрылысы қызметiн лицензиялайтын мемлекеттiк орталық (Мемқұрылыслицензия)" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 26 қаңтардағы N 127 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 5, 34-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 28 қарашадағы N 1778 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 17 мамырдағы N 534 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 14, 147-құжат).
5. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 20 мамырдағы N 462 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 20, 208-құжат).
6. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 28 қарашадағы N 1778 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 27 тамыздағы N 907 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 31, 427-құжат).