Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу мәселелерi бойынша толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне
тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелерi бойынша
толықтырулар енгiзу туралы
1-бап.
Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актiлерiне толықтырулар енгiзiлсiн:
1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
кодексiне
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18; 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; 2006 жылғы 17 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 13 мамырда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне аудиторлық қызмет мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мынадай мазмұндағы 237-1-баппен толықтырылсын:
"237-1-бап. Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына
үлестiк қатысу туралы заңнамалық актiсiнiң
талаптарын бұзу
1. Құрылыс салушының Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы заңнамалық актiсiнiң құрылыс салушы туралы және құрылыс объектiсi туралы ақпараттың мазмұнына қатысты талаптарын, сондай-ақ оны жариялау және тарату тәртiбiн бұзуы не құрылыс салушының дәл емес, толық емес немесе жаңылыстыратын ақпаратты таратуы немесе жариялауы -
заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң үш жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Құрылыс салушының уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген мәлiметтер мен есептi ұсынбауы не олардың дұрыс емес мәлiметтер мен есептi ұсынуы -
заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің үш жүзден төpт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
2) 541-баптың бiрiншi бөлiгiнiң "237" деген сандардан кейiн ", 237-1," деген сандармен толықтырылсын;
3) 636-баптың бiрiншi бөлiгi 1) тармақшасының қырық бесiншi абзацындағы "236," деген сандардан кейiн ", 237-1," деген сандармен толықтырылсын.
2. "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 93-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 236-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 7, 80-құжат; N 11, 144, 149-құжаттар, N 12, 184-құжат; N 13-14, 195 205-құжаттар; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 14, 201-құжат; N 16, 219-құжат; N 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; N 23, 416-құжат; N 24, 452-құжат; 1999 ж., N 20, 721, 727-құжаттар; N 21, 787-құжат; N 22, 791-құжат; N 23, 931-құжат; N 24, 1066-құжат; 2000 ж., N 10, 248-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52, 54-құжаттар; N 13-14, 173, 176-құжаттар; N 23, 321-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 15, 151-құжат; N 19-20, 165-құжат; 2003 ж., N 1-2, 2-құжат; N 4, 25-құжат; N 6, 34-құжат; N 10, 50, 51-құжаттар; N 11, 69-құжат; N 14, 107-құжат; N 15, 124, 128, 139-құжаттар; 2004 ж., N 2, 9-құжат; N 5 27-құжат; N 10, 54-құжат; N 14, 82-құжат; N 15, 86-құжат; N 16, 91-құжат; N 17, 98-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; N 11, 37-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 жылғы 17 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 13 мамырда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне аудиторлық қызмет мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
9-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 30-1) тармақшамен толықтырылсын:
"30-1) тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу үшiн жеке және заңды тұлғалардың ақшалай қаражатын тарту есебiнен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөнiндегi қызмет;".
3. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" 2001 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 17-18, 243-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 6, 10-құжат; N 7-8, 19-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат):
65-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Осы тараудың ережелерi, егер Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы заңнамалық актiсiнде өзгеше белгiленбесе, тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу үшiн жеке және заңды тұлғалардың ақшалай қаражатын тартуға байланысты қатынастарға қолданылады.".
2-бап.
Осы Заң 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi