Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 8 маусымдағы N 530 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң  тiзбесiнде :
      "Астана қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-75-жолмен толықтырылсын:
      "21-75. Астана қаласында салынып жатқан денсаулық сақтау объектiлерiнiң дирекциясы" ЖШС";

      2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысында :
      көрсетiлген қаулыға  қосымшада :
      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 227-1-жолмен толықтырылсын:
      "227-1 "Астана қаласында салынып жатқан денсаулық сақтау объектiлерiнiң дирекциясы" ЖШС";

      3) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1117  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 41, 529-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың  тiзбесi  мынадай мазмұндағы 3-бөлiммен толықтырылсын:
      "3. Жауапкершілiгi шектеулi серiктестiк
      64. Астана қаласында салынып жатқан денсаулық сақтау объектiлерiнiң дирекциясы".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі