Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 8 маусымдағы N 530 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң  тiзбесiнде :
      "Астана қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-75-жолмен толықтырылсын:
      "21-75. Астана қаласында салынып жатқан денсаулық сақтау объектiлерiнiң дирекциясы" ЖШС";

      2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысында :
      көрсетiлген қаулыға  қосымшада :
      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 227-1-жолмен толықтырылсын:
      "227-1 "Астана қаласында салынып жатқан денсаулық сақтау объектiлерiнiң дирекциясы" ЖШС";

      3) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі