"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне лицензиялау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 15 сәуiрдегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1) "Өлшем құралдарын тексеру, шығару және жөндеу жөнiндегi қызметтi лицензиялау кезiндегі бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 7 маусымдағы N 867
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 26, 302-құжат):
тақырыбында "тексеру," деген сөз алынып тасталсын;
1-тармақтың екiншi абзацы алынып тасталсын;
2) "Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым ставкаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 24 қаңтардағы N 100
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 5, 30-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым ставкаларында:
4-тармақтың 25) тармақшасында "салыстырып тексеру," деген сөз алынып тасталсын.