Өлшем құралдарын шығару және жөндеу жөнiндегi қызметтi лицензиялау кезiндегi бiлiктiлiк талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Yкiметiнің қаулысы 2000 жылғы 7 маусымдағы N 867. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.07.25. N 626 (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді астық жинайтын комбайндармен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Германия Федеративтік Республикасының "Дойц Фар" компаниясының қатысуымен "Жаңа Дәуір" ашық акционерлік қоғамының астық жинайтын комбайндар шығаруын ұйымдастыру жөніндегі Батыс Қазақстан облысы әкімінің ұсынысы назарға алынсын.
      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі және

 

облыстардың әкімдері жасап шығарылатын комбайндарды лизингтік негізде

пайдалану және машина-технологиялық станцияларды ұйымдастыру мәселелерін

пысықтасын.

     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары Д.К.Ахметовке жүктелсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


   Оқығандар:

  Қобдалиева Н.М.

  Бағарова Ж.А.