"Самұрық" мемлекеттiк активтердi басқару жөнiндегi қазақстандық холдингi" және "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлiк қоғамдарының кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 3 мамырдағы N 362 Қаулысы

Жаңартылған

       Қолданушылар назарына:  Қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. "Самұрық" мемлекеттiк активтердi басқару жөнiндегi қазақстандық холдингi" акционерлiк қоғамына акцияларының бақылау пакеттерi оның жарғылық капиталына берiлген акционерлiк қоғамдарға және "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлiк қоғамына акцияларының мемлекеттiк пакеттерi (қатысу үлестерi) "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлiк қоғамының жарғылық капиталын төлеуге берiлген акционерлiк қоғамдарға (жауапкершілiгi шектеулi серiктестiктерге) қатысты заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) қызметтiк жеңiл автомобильдердiң тиiстiлiк нормативтерiн;
      2) әкiмшiлiк аппараттарын орналастыруға арналған алаң нормаларын; 
      3) тиiстi акционерлiк қоғамдардың қызметтiк iссапарларға жiберiлетiн қызметкерлерiне шығыстарды өтеу тәртiбi мен шарттарын;
      4) қызметкерлерге ұялы байланысты пайдалану құқығын беру кезiнде тиiстi акционерлiк қоғамдардың қаражаты есебiнен өтелетiн шығыстардың лимиттерiн;
      5) "Самұрық" мемлекеттiк активтердi басқару жөнiндегi қазақстандық холдингi" немесе "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлiк қоғамдарымен тиiстi акционерлiк қоғамдардың бiрiншi басшылары мен олардың орынбасарларының шетелдiк iссапарларын келiсу мiндеттiлiгiн;
      6) өкiлдiк шығыстар лимиттерiн белгiлеу ұсынылсын.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.08.25. N  818  қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:

      1) "Кейбiр акционерлiк қоғамдар мен республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың қызметiн тиiмдi басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 8, 85-құжат):
      кейбiр акционерлiк қоғамдардың және республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
      реттiк нөмiрi 1, 10, 11, 12, 14-жолдар алынып тасталсын;

      2) "Акцияларының бақылау пакеттерi мемлекетке тиесiлi мемлекеттiк кәсiпорындарды, акционерлiк қоғамдарды және олардағы мемлекеттiк қатысу үлестерiнiң мөлшерi қатысушылардың жалпы жиналысының шешiмiн анықтауға мемлекетке мүмкiндiк беретiн жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердi оңтайландыру мақсатымен олардың әкiмшiлiк шығыстарының мониторингiн жүргiзу тетiгiн анықтау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 10 ақпандағы N 145  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж. N 7, 73-құжат):
      1-тармақтың бiрiншi абзацындағы "акционерлiк қоғамдар" деген сөздердiң алдынан "Самұрық" мемлекеттiк активтердi басқару жөнiндегi қазақстандық холдингi" және "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлiк қоғамдарынан басқа," деген сөздермен толықтырылсын.

      3. Осы қаулы "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 28 қаңтардағы N 50 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 23 ақпандағы N 117  қаулысының  8-тармағы орындалғаннан кейiн қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі